«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Индонезиялықтар Қазақстан ұнына зәру

2016 жылғы 06 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
5509 просмотров

Индонезия Солтүстік Қазақстан облысымен іскерлік қатынасты дамытуға қызығушылық танытып отыр

Ол туралы  солтүстік өңірдің бизнес-қауымдастығымен өткен кездесу барысында Индонезия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Фостер Гулт хабарлады.

Индонезиялық делегаттар ашық пікірлесу барысында кәсіпкерлерге өзара қарым-қатынастың артықшылықтарын баяндады. «Мен сіздердің облыстарыңыздың артықшылықтары туралы, шетелдік инвесторлардың бұл жерде қалай жұмыс істейтіні және мемлекет қандай мүмкіндіктер ұсынатыны туралы көп естідім. Біз ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үшін, бірлескен кәсіпорын ашуға қызығушылық танытып отырмыз. Индонезия халық саны бойынша 4-орын иеленеді. Соған байланысты біз ұн және ұн өнімдеріне зәруміз», – деді елші мырза.

Жыл сайын Индонезия сырттан 2 млн тонна ұн тасымалдайды. Бірақ ол жеткіліксіз. Солтүстік өңір индонезиялықтардың назарын агроөнеркәсіп кешені саласындағы артықшылықтары үшін аудартып отыр.

«Екі тарапқа тиімді қарым-қатынас орнату үшін біз тек қана бір жақты сауда жүргізуден бөлек, екі жақты сауда айырбасын жүргізгеніміз жөн.  Бұл логистика шығындарын едәуір азайтады. Мысалы, біз әртүрлі өсімдік майының түрлерін, жиһаздар, каучук және тағы басқа тауарларды жеткізе аламыз», – деп атап өтті Фостер Гултом. Сауда-саттық «Қорғас» Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы мен Ляньюньган айлағы арқылы жүзеге асырылмақ.

Елші одан да тиімді жұмыс атқару үшін Кәсіпкерлер палатасына өз елдеріндегі ұйымдармен ынтымақтасу туралы меморандумға қол қоюды ұсынды. Индонезиядан келген қонақтың пікірінше, бұл екі ел арасындағы қатынасты нығайта түседі. Палата директоры Тұрар Ысқақов өз кезегінде екі тараптың тек экономика саласында ғана өзара ынымақтасуды  дамыту мәселелерімен жұмыс істеп қана қоймай, маман дайындауда да тізе қосып жұмыс істейтінін атап өтті. Сондай-ақ ол Индонезиядан келген делегацияға алғысын айтып, солтүстік қазақстандық кәсіпкерлер индонезиялықтардың бастамасын қолдап, жақын арада Солтүстік Қазақстанда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері Индонезияға жол тартатынына үміттенетін жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер