«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Бар жақсылық – балаларға!

2016 жылғы 07 Қазан
- Қостанай облысы
7204 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі кәсіпкерге академиялық балабақшаға қажет жаңа ғимарат алуға көмектесті

Осылайша, Қостанайда бүлдіршіндерді бірінші сыныпқа даярлау бойынша білім беру мекемелерінің саны артты. Айта кетерлігі, бұл осымен үшінші рет ашылған «Start» академиялық орталығы болып отыр. Оның жетекшісі – Наталья Ниязбаева. Натальяға бұрын сабақ өткізу үшін ғимаратты жалға алуға тура келсе, енді жекеменшік ғимарат сатып алу мүмкіндігі туды. 

«Ықшам аудандарда ғимараттарды жалға алған күннің өзінде ата-аналар қатты қуанатын. Себебі, олардың балалары біздің орталықта мектепке дейінгі білім алу мүмкіндігіне қол жеткізетін.  Жақын арада қоныс тойын тойлайтын боламыз. Біздің орталық шығармашылық бағытта жұмыс жасайды, мұнда кіл мықтылар жұмыс істейді. Бүлдіршіндер де, ата-аналар да дән риза», – деп атап өтті  Наталья Ниязбаева.

Кәсіпкер жетекшілік ететін академиялық орталықта екі жүзден астам жеткіншек тәлім алады. Олардың әрқайсысы тек интеллектуалды білім алып қана қоймай, сондай-ақ, мектепке дейінгі психологиялық дайындықтан да өтеді. Мұның барлығына көбінде әр балаға жеке қарап, сауатты жоспарланған білім беру бағдарламалары арқылы қол жеткізіледі.

Ғимаратты сатып алуға қажет несиені кәсіпкер Қазақстан Халық банкінен алған. Банк филиалының жетекшісі Гүлмира Ахметова Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесіне төрағалық етеді. Ол нәзік жандар қолға алатын барлық бизнес-жоспарларға қолдау көрсетіп, жол сілтейді. Аталған жоба да назардан тыс қалмады.

«Біз осылайша клиенттермен жақсы қарым-қатынас орнатуды көздейміз. Әсіресе әйел адамдардың қолдаудың барлық құралдарына қол жеткізуін қамтамасыз еткіміз келеді. Тіпті несие мемлекеттік бағдарлама аясында алынса да, идеядан бастап оны жүзеге асыруға дейін көптеген қиындықтар болатынын түсінеміз. Бизнесмен әйелдерден келетін әр жобаны қажет болса өзім қадағалаймын. Сонымен қатар, Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері де көмек көрсетеді. Олар кеңестер беріп жатады. Яғни, әйелдер кәсіпкерлігі дамуы үшін, барлық ресурстарды пайдаланамыз», – деді Гүлмира Ахметова. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер