«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Сүйікті іске ынтаны оятты

2016 жылғы 12 Қазан
- Қостанай облысы
9304 просмотров

Канададан келген бас аспаз Брайн Фордхэм Қостанай облысына сапарын аяқтады

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының «Аға сеньорлар» бағыты аясында ол Жетіқарадағы әріптестерін оқытып, оларға аспаз болудың құпияларын үйретті әрі бірегей рецептермен бөлісті. Соңғы екі аптасын Брайн «Дәмді» ЖШС-да өткізді. Шетелдік қонақтың келуі бизнесмендерге қандай пайда әкелгенін palata.kz фирма басшысы Жанат Ізтаевтан сұрап білген еді.

– Жанат Маратұлы, сіз басқарып отырған фирманың бай тарихы бар. Мұнда аспаздық цех қана емес, сонымен қатар банкеттер, тойлар, мерейтойлар өтіп тұратын және кешенді түскі ас дайындайтын асханалар бар. Аспаздық тәжірибе молынан жиналған шығар деп ойлаушы едік. Кенеттен сіз фирмаға сырттан көмек керек деп шештіңіз.

– Мен Кәсіпкерлер палатасының «Аға сеньорлар» бағыты туралы ұсынысына бірден келістім. Нарықта ұзағынан тұрақты жұмыс істегендіктен, бізге өзгеріс керек екенін сеземіз. Клиенттерді таң қалдыру үшін мәзірді дамыту керек. Брайн маған қызық бір дүние алып келетін адам болып көрінді.

– Солай болды ма?

– Біз бұрын да тәжірибелер жасап, жергілікті қоспалардан жаңа тағамдар дайындап көргенбіз. Алайда бір жерде ашытқы дұрыс емес, бір жерде қопсытқыш жеткіліксіз дегендей. Ол біздің нені дұрыс жасамай жүргенімізді көрсетіп берді. Нәтижесінде, барлығы ойдағыдай болды. Қазір біз майға пісірілген бәліштер, синабондар (даршын мен крем қосылған еуропалық тоқаштар), ет пен жеміс-жидектер қосылған бәліштер пісіре бастадық. Бадам қосылған печеньелер – макарундар пісіруге талпынып көрдік. Өзіндік құны, әрине, қымбат, алайда неге банкеттерде дастарханға қоймасқа?

– Тың жаңалықтар елді елең еткізе алды ма?

– Бір-екі күн бұрын ғана біз үлкен банкетке дайындалып, дастарханға шоколод пен банан қосылған кекстер қойдық. Порциялы бәліштер қойдық. Құрамы жағынан бірдей-ақ, көлемі жағынан кішкентай, бір адамға арналған, гүлмен безендірілген. Ерекше болып шықты, клиенттерге ұнады. Брайн рецептермен ғана бөліскен жоқ. Сервиске баға беру үшін мен одан біздегі асханалар желісін аралап шығуды сұрадым.

– Ауданда шетелдік қоғамдық тамақтандыру сервисін енгізу оңай болмаған шығар...

– Қарапайым ғана ұсақ-түйектер ғимараттың атмосферасына, тәбетке әсер етеді. Бұрын бос тұрған қабырғаға тағамдардың суреті бар мәзір ілініп, басқаша өң беріп тұр. Үстелдердің өзін клиенттер ағынына, ғимараттың жағдайына қарай қою керек. Науқан жасаса да болады: бір бәліш сатып ал да, екіншісін сыйға ал деген. Бір қарағанда қарапайым ғана көрінгенмен, бұл жұмыс істейді.

– Брайнның келгені қымбатқа соққан жоқ па?

– Мен оның тұрғын-жайы мен жол ақысын, тәуліктік ақысын қамтамасыз еткенімді есепке алсақ, қымбат емес. Ал аудармашы арзан болмады. Технологиялық терминдерді білетін адам қажет болды.

– Шығындар ақталды ма?

– Иә. Ол қызметкерлерге ең басты дүниені бере алды, яғни ынталандыра алды. Көптеген адамдардың қолы алтын, басы да қатты істегенімен, таланты ашылмай қалады, өйткені ынталандыру жоқ. Оларды күнделікті күйбең тіршілік жұтып жібереді. Ал аспаз дегеніміз – әрдайым жаныңды салып жұмыс істеуді талап ететін мамандық. Брайн солай жұмыс істеуді көрсетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер