«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай дәмінен ауыз тиіңіздер!

2016 жылғы 14 Қазан
- Қостанай облысы
9544 просмотров

Қостанай ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері дәстүрлі елордалық жәрмеңкеге қатысады

Жәрмеңке Астанада 15-16 қазан аралығында Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау қарсаңында өтеді.

Облыстың 14 ауданы мен 3 қаласынан 74 кәсіпорын өз өнімдерін жәрмеңкеде ұсынады. Олар «ДЕП», «Милх», «Темте», «АГФ Диевская», «Агро-Торо», «Баян Сұлу», «Қарасу Ет» компаниялары мен «Тэрра», «Садовод», «Брехачев», «Безбабный» шаруа қожалықтары.

Кәсіпкерлер 360 тонна болатын 100 түрлі тауар ұсынады. Олар: еттің барлық түрі, картоп, сүт өнімдері, шұжық өнімдері мен еттен жасалған жартылай дайын өнімдер, жарма және макарон өнімдері және басқа да азық-түліктер. Оған қоса тауар құны елорда базарларындағы бағадан 20-30% арзан болады дер күтілуде.

Сондай-ақ, жәрмеңкеден бөлек, астаналықтар Қостанай облысының мәдени мұрасымен де таныса алады. Нақтыласақ, Ұлттық мұражайда қостанайлық ақындармен шығармашылық кездесу өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер