«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Әр ауданға – бір кеңес

2016 жылғы 17 Қазан
- Қостанай облысы
7210 просмотров

Облыста қалалық және аудандық Кәсіпкерлер кеңестері құрылмақ. Басты мақсат – Палата филиалдарына бизнесті дамытуға қажет қолайлы жағдай жасауға ықпал ету

Үміткер тұлғалар Василий Розиновтың төрағалығымен өткен Өңірлік кеңес отырысында бекітілді.

«Аудандық деңгейде бизнесмендерді біріктіру шағын және орта бизнесті дамытудағы басым бағыттарды анықтау бойынша ұсыныстарды жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, әкімшілік кедергілерді жойып, ауданның құқықтық базасын жетілдіруге жол ашады.  Кеңес мүшелері Палатаға бизнес қауымдастықтың нақты мәселелерін шешу бойынша ұсыныстарды жасап, енгізе алатын болады. Бірлестіктер жеті кәсіпкерден тұрады. Ал Қостанай ауданы мен Рудный қаласында тоғыз кәсіпкерден бірігеді», – деп хабарлады облыстық Кәсіпкерлер палатысының директоры Мұрат Әбенов.

Сонымен қатар, отырыс барысында Өңірлік кеңес Палата қызметінің басым бағыттары туралы есепті тыңдады. Жыл басынан бастап, мұнда кәсіпкерлерден екі жүзден астам жазбаша өтініш келіп түскен. Олардың көпшілігін кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерінің шектелуіне байланысты шағымдар құраған. Қазіргі таңда 85 мәселе оң шешімін тауып, жергілікті деңгейде 61 кедергі жойылған. Ал, 12 өтініш «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мәселелер тізіліміне енгізілген.

«Облыстық прокуратурамен бірлесе жұмыс жасау нәтижесі бойынша, көлік инспекциясы тарапынан жүргізушілер жасаған заңбұзушылықтарды сылтауратып, техникалық куәліктерді заңсыз тартып алу мәселесі өз шешімін тапты. Бұған дейін, осының салдарынан автокөліктер тұрып қалып, тасымалдаушылар шығынға батып келген еді. Сондай-ақ, жер кодексіне де өзгертулер енгізілді. Нәтижесінде, енді кәсіпкелер нақты жобалау жоспарынсыз-ақ, бизнес үшін жер телімін ала алатын болды.  Қазақстанның көптеген өңірлерінде дәл осындай жоспардың қолда болмауы салдарынан, көп жағдайда рұқсат берілмей, тіпті жемқорлық құралы деп танылған жағдайлар да кездескен», – деді құқықтық қолдау көрсету бөлімінің басшысы Ринат Дәулетпаев. 

Бұдан бөлек, басқосуда жақын арада орталық деңгейінде шешілетін мәселелер де қаралды. Бұл ретте Василий Розинов әріптестерін мәселелерден тыс қалмай, Палатаға үнемі өз ұсыныстарын жолдауға шақырды. Сонымен қатар, ол, кәсіпкерлердің жағдайы олардың өздеріне тікелей байланысты екенін атап өтті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер