«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Отандық өнім тұтынушылар сенімінен шығуы қажет

2016 жылғы 17 Қазан
- Қостанай облысы
8314 просмотров

Қазақстан кәсіпкерлеріне тұтынушылардың сенімінен шыға алатын танымал сапа белгісі қажет

Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің отырысында Василий Розинов осындай пікір білдірді. Бұл мәселе қостанайлық кәсіпкерлердің «Қазақстанның үздік тауары» және «Алтын сапа» байқауларына қатысу барысы баяндалғанда қозғалды.

«Бұл кәсіпорын үшін жақсы жарнама. Менің ойымша, бізге  өз сапа белгіміз керек. Ол азық-түлік тауары, тіпті құрылыс материалы болуы мүмкін. Ол маңызды емес. Ең бастысы сол сапа белгісі кепілдікке айналып, тұтынушылардың сенімінен шығуы тиіс», – деп атап өтті Өңірлік кеңес төрағасы Васийлий Розинов.

Отырыс барысында атап өткендей, 2015 жылдан бастап «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауын және танымал «Алтын сапа» ҚР Президентінің сыйлығын «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып келеді. Биыл Қостанай облысынан қатысушылардың саны былтырғы жылға қарағанда айтарлықтай көп.

«Өнім сапасының артқаны да байқалады. Қатысушылардың жартысы сапа менеджментімен сертификатталған, ал үміткерлердің алтауы бірнеше рет сертификат алған. Бұл олардың жеңіске жету мүмкіндігін арттырып отыр. Сонымен қатар жергілікті қамтудың пайызын анықтайтын сертификаттар саны да жетерлік. Және де сарапшы комиссия қатысушылардың, былтырғы жылға қарағанда, биыл сапалы есеп дайындағанын атап өтті», – деді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Геннадий Кукоба.

Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстанның үздік тауары» байқауының республикалық кезеңіне қостанайлық 9 компания қатысады. «Алтын сапа» сыйлығы үшін 6 фирма бақ сынайды. Көрме мен жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі қараша айының ортасында өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер