«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Арқалық қаласындағы бизнес ауыртпалықтары

2016 жылғы 19 Қазан
- Қостанай облысы
9749 просмотров

Арқалық әйелдері бизнесте кездесетін кедергілерді айтып шағымданды

Аталған моноқалада Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Жиынның мақсаты кәсіпкер әйелдерді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдау құралдарымен таныстыру, іскерлік қоғамдастықты қандай мәселелер толғандыратынын анықтау және оларды жүйелі шешу тетіктерін талқылау болды.

Мысалы Айгүл Хализина кәсіпкерлердің жолында кездесетін қиын жағдайлар туралы айтты. Биыл, ол, сауда көлемінің қысқаруына байланысты бұрынғы азық-түлік дүкенінің бос тұрған ғимаратын шаштаразға жалға беруге шешім шығарады. Алайда бұл ойы сол күйі жүзеге аспай қалады.

«Ғимаратты шаштаразға жалға беру үшін оны тек босатып қана қоймай, құжаттарын қайта рәсімдеу керек. Мен өтініш беріп, сызбасы үшін төлеп қойдым және маған қайта жабдықтауға рұқсат берді. Алайда енді жобасын дайындау керек деді. Ал бұған қосымша шығын шығады. Жарайды делік, мен Қостанайға барып қағаздарды алып келемін. Бірақ бұл жерде маған ақыры қайта жабдықтап жатыр екенсіз, онда мүгедектерге арналған баспалдақты міндетті түрде салуыңыз керек дейді. Алайда менікінде ол техникалық жағынан мүмкін емес. Сондықтан арнайы көтергіш орнатуға тура келеді. Ал оның құны 600 мың теңге тұрады. Мен ондай қаражатты еш жерден ала алмаймын. Енді қараңыз: мен тек қана барлық қағаздарды жинау мен қалаға бару үшін шамамен үш айымды жұмсадым. Нәтижесінде, ғимарат әлі бос тұр. Мүмкін бұл жағдайда, рәсімді жеңілдетудің жолы бар шығар? Екі бизнестің бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Тек маңдайшадағы жазуын өзгертіп, ары қарай жұмыс істей беруге болады. Оған қоса бұл жұмысты істеуге тілек білдірушілер бірден табылды», – деді Айгүл Хализина.

Арқалықта екінші дәрежелі банктерден несие алу әлі күнге дейін маңызды мәселе күйінде қалып отыр. Кепілдік қамтамасыз етудің жоқтығы және жоғары пайыздар кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерге өз ісін ашуға кедергі болуда. Сол себепті, Кеңес мүшелері баламалы несиелеу мүмкіндігін қатысушылардың есіне салды. Мәселен «Атамекен Қостанай» шағын қаржы ұйымы» ЖШС бүгінде 4% жеңілдікпен үш жылға несие береді.

Кездесуде жүзеге асқан сәтті жобалар мысалға келтірілді. Құрылыс дүкендерінің иесі Гүлзира Сейдаханова кәсібін кеңейту жөнінде өз тәжірибесімен бөлісті.

«Осындай кеңестердің және Іскер әйелдер кеңесі төрайымының қолдауының арқасында мен несие алып, тауар түрлерін көбейте алдым. Бизнесте кеңес пен рухани қолдау өте маңызды. Ал осындай көмектің біздегідей шағын қалада көрсетілуі тіптен жақсы», – деді кәсіпкер әйел.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер