«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

«Әрекет еткен берекетке жетеді»

2016 жылғы 09 Қараша
- Қостанай облысы
6364 просмотров

Әулиекөл ауданының кәсіпкерлері Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау орталығынан қарыз шарттарының болмашы бұзылғанына бола, айыппұл санкцияларын қолданбауды сұрады

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Ғизат Ахметчин бизнесмендермен болған есеп беруге арналған кездесуде айтты. Ол жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе, Қордан қарыз алған жергілікті шаруа қожалық басшысының өтінішін келтірді. Кәсіпкер қаражатты қордан көктемде емес, күзде алыпты. Сондықтан шаруа шығындар сметасын түзетуге мәжбүр болады, алған қаржысын пішен дайындауға жанар-жағармай материалдарын сатып алуға емес, шөп сатып алуға жұмсаған.

«Қарыз алушы бизнесін сақтау үшін осындай шараларға барған, өйткені күзде шабындық болмағандықтан, ол пішен дайындай алмапты. Бірақ кәсіпкер Қорға шығындар құрылымындағы өзгерістерді  дер кезінде ескертпегендіктен, Қор қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшін айыппұл салу жазасын қолданған. Алайда, шарт бойынша ескерту жасаумен шектелуге болатын еді. Осыған байланысты қарыздардың типтік шарттарындағы ережелерді қайта қарау керек деп есептейміз. Біздің пікірімізше, шартты  бұзуға бірінші рет жол берген  қарыз алушыларға қатысты ескерту институтын енгізу қажет, сондай-ақ объективті жайттарды ескере отырып, әрбір ереже бұзу деректерін жеке қарау қажет», – деп мәлімдеді Кәсіпкерлер палатасының Әулиекөл ауданы филиалының директоры.

Ол сонымен қатар Кәсіпкерлікті қолдау орталығы мамандарының аудан тұрғындарына көрсеткен көмектері туралы айтты. Жыл басынан бері мұнда 54 сервистік қызмет және бизнесті жүргізу бойынша 500 тегін кеңес берілген. Соның нәтижесінде 11 адам жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өз кәсіптерін ашқан.

Кеңесшілердің кәсіби қолдауының арқасында өзінің идеясын жүзеге асырған Зәуреш Молдабаева, оларға алғысын білдірді. Ол жеке үйін жаңа аспаз цехына айналдыру үшін, несие алып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Қоғамдық тамақтандыру саласында жұмыс істеуді бастағанда, менде ыдыстан басқа ештеңе болмады. Енді мен өзімнің жеке кәсіптік нысанымды іске қосамын және бұл үшін маған зор көмек көрсетілді. Онсыз барлығы ұзаққа созылып, күрделірек болар еді. Өзіңді бизнесте сынап көруден қорықпау керек. Әрекет еткен берекетке жетеді», – дейді Зәуреш Молдабаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер