«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Үздік жобаларға – мемлекеттік грант

2016 жылғы 10 Қараша
- Қостанай облысы
9040 просмотров

«Идеялар жәрмеңкесіне» қатысуға жолдама алған облыстың жас бизнесмендері домбыра шығаратын цех, автодыбыс жазатын студия және сүт қабылдайтын жаңа бекет ашуды жсопарлап отыр

Жеңімпаздардың есімдері Кәсіпкерлер палатасында жарияланды. Бизнес-жобаларды конкурстық комиссия қараған еді. Оның құрамына Палатаның, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының, банктердің және «Жас-Атамекен» қоғамдық бірлестігінің өкілдері кірді.

Қостанайдағы «Жас кәсіпкер мектебінің» қатысушылары комиссияға барлығы тоғыз стартап ұсынды. «Идеялар жәрмеңкесіне» солардың үшеуі ғана іріктеліп алынды.

Жеңімпаздардың қатарында қостанайлық Анар Есенеева да бар. Ол домбыра жасауға, жөндеуге және қайта қалпына келтіруге арналған цех ашуды жоспарлап отыр. Ол үшін бұл жаңа дүние емес, жолдасы көп жылдан бері ұлттық аспап жасаумен айналысады екен. Бұл істі ол кезінде өңірдің оңтүстігіндегі шеберлерден үйреніпті. Жары отбасылық бизнесті жаңа деңгейге шығаруды жоспарлап, осы мақсатын жүзеге асыру үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша грант ұтып алуды көздеп отыр.

Алексей Теннің де көздегені – грант ұтып алу. Ол автомобильдерді акустикалық безендірумен бұрыннан айналысады, жеке тапсырыстар қабылдап, біраз тәжірибе жинақтап қалған. Енді кәсіби жабдықтар сатып алып, жаңа қызметкерлер тартып, жеке фирма ашуды жоспарлауда.

Ботагөз Шәріпова жолдасымен бірге Сарыкөл ауданындағы бұрынғы май сығатын зауытқа қайта жан бітіріп, соның базасында жаңа сүт қабылдайтын бекет ашуға ниет танытуда. Шикізатты тұрғындардан сатып алып, ал оны облыс орталығындағы қышқыл сүт өнімдерін шығаратын ірі компанияларға сатпақ.

Кәсіпкерлер палатасындағылардың сөзіне сенсек, «Идеялар жәрмеңкесінің» қалған қатысушылары жақын арада белгілі болады. «Жәрмеңкенің» өзі осы айда өтеді. Үздік жоба «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде мемлекеттік грантты иелену үшін Өңірлік үйлестіру кеңесіне ұсынылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер