«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Патенті барлар саудасын жалғастырсын!

2016 жылғы 14 Қараша
- Қостанай облысы
10093 просмотров

2020 жылға дейін патентті қолдана отырып, арнаулы салық режимі бойынша сауда жасауға рұқсат етілді 

Қазақстанның Парламент Мәжілісі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының шектеу мерзімін шегере тұру туралы ұсынысын қолдады.

Мұндай ұсыныс «ҚР Салық пен Кедендік әкімшілендіру заңнамасындағы кейбір актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу» туралы ҚР заңын талқылау кезінде айтылды.

«Мәжіліс депутаттары бұл ұсынысты қолдады. Үкімет дұрыс қорытынды жасады», – дейді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Самат Сәдуақасов.

Айта кетейік, осыған дейін заңнамада арнаулы салық режимі бойынша патенті бар кәсіпкерлерге 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап сауда жасауға шектеу қою қарастырылған болатын. Мұндай жағдайда бизнесмендерге жеңілдетілген декларация бойынша немесе жалпыға бірдей тәртіппен жұмыс істеуге тура келетін. Ал Салық кодексінің 429-бабы бойынша жүк тасымалы, такси, жалға беру, компьютер жөндеу сияқты 32 түрлі салаға бұл өзгерістердің ешқайсысы әсер етпейді.     


Еншілес ұйымдар

Серіктестер