«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Барлық кооперативтер үшін салық жеңілдіктері жасалмақ

2016 жылғы 14 Қараша
- Қостанай облысы
9477 просмотров

Ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері баланста жері болмаса да салық жеңілдіктерін алатын болды

Бұл өзгертулерді енгізу ҚР Парламент Мәжілісі қарауында деп хабарлады Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Қайыр Айсин

Оның айтуынша, 70% жеңілдігі бар бүгінгі таңдағы арнаулы салық режимі тек баланста жері бар ауылшаруашылық өндірістік кооперативтеріне арналған. Жері жоқ ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерге, оның ішінде негізінен мал шаруашылығымен айналысатын кооперативтерге мұндай жеңілдіктер жасалмаған, ал бұл өңірде ондай шаруашылықтар өте көп.

«Бұл дегеніңіз – олар жалпы белгіленген салық төлейді деген сөз. Осы мәселені Кәсіпкерлер палатасына шағым түсіруші кооператив мүшелерінің біразы айтты, бірқатар дөңгелек үстелдер басында да бұл жайтты қозғадық. Бұл жүйелі мәселе болғандықтан, ҰКП салалық қауымдастықтармен бірлесе отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы Салық кодексіне өзгерту енгізуді ұсынған еді. Қазан айында заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынылды, енді тиісті өзгертулерді енгізуді қарастырады», – деді Қайыр Айсин. 

«Ауылшаруашылық кооперативтерін қолдау шаралары 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы аясында көбейе түсуі мүмкін», – дейді Қайыр Айсин. Бағдарлама тұжырымдасын қазіргі таңда еліміздің бизнес-қауымдастығы өзара талқыға салып жатыр. Бағдарлама негізінен өнімді өткізу мәселесін қамтып, мал шаруашылығын дамытуға назар аударып, осы салаға субсидия бөлуді бастамақ.

Бүгінгі таңда Қостанай облысында 136 ауылшаруашылық өндірістік кооператив бар, олардың 58-і Кәсіпкерлер палатасы филиалының қолдауымен ашылған. Палата мамандары кәсіпкерлердің құжаттарын, жарғылары мен келісімдерін дайындауға көмектесіп, құрылтайшылық жиналыстарын өткізіп, ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерін мемлекеттік тіркеуге тұрғызуға барынша көмектесуде. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер