«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Сауда жасауды заң аясында жүргізу

2016 жылғы 15 Қараша
- Қостанай облысы
6766 просмотров

Федоров ауданында көшпелі сауда жасауға арналған орындар алдын ала белгіленетін болды

Кәсіпкерлер палатасы филиалының осы бастамасын жергілікті атқарушы органдар қолдап отыр.

Филиал директоры Лидия Костенко есеп беру кездесуінде бизнесмендердің бірнеше мәрте ауылдық жерге барып, сауда жасайтын орын таба алмай тынын айтып, Палатаға шағым түсіргенін мәлімдеді. Кәсіпкерлер ыңғайлы жердің жоқтығына емес, жергілікті басшылардың жауапсыздығына шағымданған: әкімдіктің қаулысы болмағандықтан, мұндай сауданың заңды екендігіне кепіл жоқ, сондықтан олардың үстінен қадағалаушы органдар тарапынан шағым түсуі де мүмкін.  

«Филиалдың бастамасымен аудан әкімдігінің «Көшпелі сауда жасауға арнаулы орындар бекіту» туралы қаулысының жобасы жасалды. Осы құжатқа сай ауылдық жерлерде 28 орын бекітілді. Жоба қазір біздің қарауымызда жатыр. Осы қаулыны қабылдасақ, көптеген мәселенің күрмеуі шешіледі», – деді Лидия Костенко.

Оның айтуынша, консультативтік-кеңесші органдар әртүрлі шешімдер қабылдар кезде Палатаның пікіріне құлақ асуы керек. Бүгінгі таңда филиал директоры осындай кеңес органдарының 13-нің құрамына кіреді, сондай-ақ әртүрлі комиссиялардың құрамындағы кәсіпкерлердің үлесі артып келеді. Аудандық жер комиссиясы құрамында бизнесмендер саны 50%-ды құрап отыр, бұл кезінде «Атамекен» ҰКП басшылығы жоспарлаған міндеттердің орындала бастағанын көрсетеді.

Жыл басынан бері аудандағы кәсіпкерлікті қолдау орталығында 127 қызмет көрсетіліп, ауызша 600 кеңес берілді. Соның арқасында 34 клиент бизнес ашып, оны дамытуға мүмкіндік алды, 19 жоба мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржылық қолдауға ие болды.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Мұрат Әбенов аудан кәсіпкерлерін «Бизнестің жол картасы – 2020», «Аға сеньорлар», «Іскерлік байланыс» құралдарын жиі пайдалануға шақырды. 

«Аудандық деңгейде болса да, шетелден келген білікті әріптестердің тәжірибесін үйренуге септесетін жақсы мүмкіндік. Мұндай мүмкіндікті мемлекет өзі әкеп ұсынып отыр, біздің мамандар қажетті қолдаудың бәрін көрсетеді. Осы құралдарға баса назар аударған жөн деп ойлаймын», – деді Мұрат Әбенов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер