«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Шектеу болмайды

2016 жылғы 17 Қараша
- Қостанай облысы
6179 просмотров

Рудный қаласындағы дүкен иесінің тұтынушылар саны қайта көбейді

Кәсіпкерлер палатасының филиалы бизнесвуменге сауда нүктесі жанындағы жаяу жүргіншілер жолағын қайта қалпына келтіруге көмектесті

Бұл туралы филиал директоры Серікбай Әбілғазиев өткен жылдың кейбір жұмыс қорытындылары туралы есепті кездесуде айтып берді. Оның айтуынша, кәсіпкерлер он сегіз шағымның жетеуінде өздерінің құқықтық және заңды мүдделерін қорғауды сұраған.  

«Жекелей айтқанда, бір шағым Топоркова көшесіндегі дүкен иесінен түсті, оның сауда нысаны жол үстінде орналасқан екен. Кәсіпкер дүкен жанында жаяу жүргіншілер жолағының жоқтығына шағымданған, оның айтуынша бұрын ол жерде жолақ болыпты. Оны алып тастағаннан кейін, жұрт жолдан өте алмай қалған, ал бағдаршам сәл алыста. Осы себепті дүкенге келушілердің саны азайған. Біз Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне айттық, ондағылар бізді қолдап, жүргіншілер жолағы қайтадан қалпына келтірілді», – дейді Серікбай Әбілғазиев.

Бұл Рудныйдағы сауда нүктелерінен түскен жалғыз шағым емес. Сонымен қатар аудандағы бірқатар дүкендердің иелері заңсыз сауда жасаушылардың үстінен шағымданған. Дүкен иелерінің сөзінше, бәсекелестер дүкендегі заттарды арзан бағамен сатып, нарықтағы сауда-саттық тепе-теңдігін бұзып отыр. Палата араласқан соң, әкімдік көше саудасына арнайы орындар бөліп, екі жақтың да құқын қорғады.

2016 жылдың қазан айында филиалға «Арман» жабық базарының қызметкерлерінен де көптеген шағым түскен. Олар Қазақстанда арнайы салық тәртібі іске қосылып, патентсіз сауда жасауға тыйым салынатындығына наразы. Сондай-ақ бизнесмендер бақылау-кассалық машиналарын орнату артық шығындарға ұшыратып, жұмыста көп қолайсыздық тудырады деп санайды. Кездесуге қатысқан Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов базар қызметкерлерін сабырға шақырды.

«Кәсіпкерлердің жанайқайын ескере отырып, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Парламент мәжілісіне шектеу мерзімін 2017 жылдан 2020 жылға дейін ысыра тұруға ұсыныс жасады. Біздің ұсынысымыз қабылданды. Яғни, жаңа жылдан бастап ешбір шектеу болмайды», – деді Мұрат Әбенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер