«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Ләззат Рамазанова: ««Павлодар өнімін насихаттауға талпыныс, тұтас елді өркендетуге ұмтылысқа тең»

2016 жылғы 25 Қараша
11578 просмотров

Павлодар қаласында алғаш рет облыстық Іскер әйелдер форумы өткізілді. Шараға өңірлік бизнестің белсенді нәзік жанды өкілдері жиналды

Талқыланған басты тақырып – ел дамуындағы әйелдердің рөлі, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, бизнестегі әйелдердің экономикалық белсенділігін арттыру.

Форум жұмысына «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова, Қазақстандағы Литваның Төтенше және өкілетті елшісі Витаутас Наудужас, Литва Республикасы елшілігінің үшінші хатшысы Адомас Давалга, Литва Республикасы Сыртқы істер министрлігінің департамент директоры Ричардас Шлепавичюс, облыс әкімінің орынбасары Николай Дычко қатысты.       

Ләззат Рамазанованың айтуынша, өңірдегі әйел кәсіпкерлігі белсенді дамуда және де өткізіліп жатқан форум бизнестегі әйелдердің орнын одан әрі нығайтпақ.

«Қазіргі уақытта Павлодар облысы көптеген көрсеткіштер бойынша табысты өңірлердің бірі. Әйелдердің бизнесте деген ынталары, жан-тәнімен берілулері, өз ісіне деген махабаттары айқын көрініп тұр. Облыстың әйел кәсіпкерлерін әрі қарай да шабытты қызмет етуге, сондай-ақ, өз мәселелері мен ойлары жөнінде ашық айтуға шақырамын. Сіздерге қарап, бизнесін жаңа бастап жатқан кәсіпкерлер жігерленіп, жетістіктерге жетуге тырысатын болады», - деп атап өтті ол өз сөзінде.

Осыған қоса, өңірлік бизнеске оң бағасын бере отырып, Ләззат Рамазанова «Павлодар өнімін насихаттауға талпыныс, тұтас елді өркендетуге ұмтылысқа тең» екенін келтірді.

2015 жылдан бастап облыста Іскер әйелдер кеңесі қызмет етуде, оның құрамына өңірлік бизнестің әртүрлі салаларында қызмет ететін 20 әйел кәсіпкер кіреді.

Өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Райхангүл Сатабаеваның сөзінше, әйелдердің кәсіпкерлік қызметпен айналысуы, өңірдегі экономика дамуының теңгерімдігі мен тұрақтылығын арттырады.     

«Павлодар облысындағы бизнеспен айналысатын әйелдер саны 25 мыңнан астам адамды құрайды. Әйел азаматтар көбінесе өзін-өзі дамыту, сондай-ақ, маңызды қоғамдық міндеттерді орындауға үлес қосатын бизнес түрлерін таңдайды. Біздің бастамаларымыздың басты мақсаты – әйелдерге әлеуметтік және өмірлік бейімделуде қолдау көрсету, жаңа ісін бастаған және қызмет етіп жүрген кәсіпкерлерге көмек көрсету мен ынталандыру. Әсіресе, ауылдық жерлердегі әйелдерді қолдау маңызды, себебі алыстағы ауылдар мен елдімекендерде даму үшін мүмкіндіктер көп емес», - деді Райхангүл Сатабаева.

Өңірлік кеңес төрайымы атқарылған жұмыс қорытындысына да тоқталып өтті.   

«Кеңес өз жұмысын бастағаннан бері 8 мамандандырылған қызмет бойынша 676 әйел кәсіпкерге сервистік қызмет көрсетілді. Бизнес негіздерін оқып, өз білімдерін 380 әйелдер арттырды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 52,5 млн теңгені құрайтын 18 жоба іске асырылды, 19 жұмыс орны ашылды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 191 млн теңгені құрайтын 68 жоба мақұлданып, 69 жұмыс орны құрылды. АӨК саласы бойынша 90 млн теңгеге жеңілдік несиелерін 7 бизнесвумен алды, 29 жұмыс орны ашылды. 19 бизнес субъектілерінің мүліктік құқықтары қорғалып, сомасы 132 млн теңгені құрады. Атап өткен жөн, бизнестің белсенді өкілдері қатарынан облыстың барлық аудандары мен моноқалаларда Аудандық кеңестер құрылды», - деді Райхангүл Сатабаева.

Облыс әкімінің орынбасары Николай Дычко өз тарапынан әйелдердің ерлерге қарағанда табысы артқандығын атап өтті.

«Жылдар өте келе ер азаматтардың әйелдермен бәселелесулері қиынырақ болып тұр. Өңірімізде машина жасау, энергетика, ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласындағы кәсіпорындарды әйелдер сәтті басқаруда. Олардың табыстары ісін жаңа бастап жатқан кәсіпкерлер бет түзейтін бағыт болып келеді. Жергілікті билік әйел кәсіпкерлігіндегі барлық бастамаларға қолдау көрсетуге дайын», - деді өңір басшысының орынбасары.

Форумның құрметті қонағы Қазақстандағы Литваның Төтенше және өкілетті елшісі Витаутас Наудужас та «экономикалық ғажап» жасайтын әйелдердің ел дамуына қосатын зор үлесіне назар аударды.

Форум барысында өңірлік бизнесмен әйелдер өзекті мәселелерді де талқыға салып, өз ұсыныстарын да жеткізді.

Мәселен, «Дәулет» фермерлік шаруашылығының басшысы, сондай-ақ, Лебяжі аудандық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, аудандық мәслихаттың депутаты Ләззат Дисенова өз сөзінде мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың тиімділігін атап өтіп, өнімді өткізу мәселелерінде де қолдау маңыздылығын айтты. 

Өңірлік брендтері бар кәсіпорындарды дамыту мәселелесін «ЖасАр 2014» ЖШС директоры Айгүл Өмірбекова қозғады. 

«Қазақстанда жасалған», «АҚШ-та жасалған» брендтер бар. Ал енді «Павлодарда жасалған» брендін бекітуді ұсынамын. Бұл өнімді өткізудің жеке алаңы болсын. Менің ойымша, бұл кәсіпкерлерімізге тауар, жұмыс және қызмет нарығында өзіндік орнын табудың жаңа жолы болады», - деп атап өтті кәсіпкер.

Форумда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетігін қолдану арқылы балаларға арналған би мектебін ашу, Павлодар қаласында бұйымдарды сату мүмкіндігімен қолөнерші әйелдердің галереясын ұйымдастыру, сондай-ақ, Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіптік аймағының шағын кәсіпорындары үшін автобус бағдарын ашу бойынша ұсыныстар талқыға салынды.   

Жалпы форум жүзден астам бизнесмен әйелдің басын қосты. Олар облыста көрсетіліп жатқан қолдау арқасында әртүрлі салаларда бизнес ашып, табысқа жетуде.

Форум марапаттау рәсіміне жалғасты. Павлодар облысының іскер әйелдеріне Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.

Сондай-ақ, қонақтардың назарына облыстық аудандар мен моноқалалардың бизнесмен әйелдері өндірген тауарлар мен өнімдер көрмесі ұсынылды. Өңірлік бизнес дамуының жетістіктерінің айқын көрсеткіші болып табылатын көрмеге 20-дан астам кәсіпкер қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер