«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Биік марапат өз иелерін тапты

2016 жылғы 14 Желтоқсан
- Қостанай облысы
7936 просмотров

Облыстық кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшелері мемлекеттің жоғарғы марапаттарына ие болды

«Қарасу» сауда-өнеркәсіптік компаниясы» ЖШС директоры Алмат Тұрсынов «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын, «Алтын жұлдыз» айрықша белгісін, «Отан» орденін иеленді. Бизнесменді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі марапаттады. 

«Ол отыз жылдан астам өмірін еліміздің ауыл шаруашылығы саласына арнады. Ол басқарып отырған кәсіпорын тек ел ішінде ғана өнім таратып отырған жоқ, бүгінгі таңда экспортқа да шығып жатыр. Әлемдік деңгейдегі инновациялық технологияларды өндіріске белсенді түрде енгізіп, әлеуметтік салаға да қолдау көрсетіп келеді»,– деді Президент.

«Маған берілген марапат бүкіл Қостанай облысының еңбегінің бағаланғаны, – деді Алмат Тұрсынов palata.kz сайтына берген сұхбатында. – Президенттің өзі аграрлы секторды басты назарда ұстап отыр. Жаңа бағдарламалар жасалып, енгізіліп жатыр. Сондықтан, меніңше, бұл марапат бәріміздің ортақ еңбегіміз, ортақ жеңісіміз».

Қазақстанның Тәуелсіздігі күні қарсаңында «Құрмет» ордені Өңірлік кеңес мүшелері – Андрей Емельяновке («Гранд» ЖШС директоры), Игорь Кимге («БК-Строй» ЖШС директоры), Тимур Садықовқа («Баян Сұлу» АҚ басқарма төрағасы) берілді, «Қостанай мелькомбинат» АҚ бас директоры Александр Микетка «Ерен еңбегі үшін» медалін алды. Елбасы атынан марапаттарды облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өзі ұсынды.

«Бұл компаниялардың басшылары еліміз бен өңіріміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып, әлеуметтік салаға да қолдау көрсетіп жатыр, – деді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов. – Өңірлік кеңес мүшелері үнемі белсенділік танытып, бизнестің жағдайын жақсарту үшін, өз ұсыныстарын ортаға салып келеді. Біздің кәсіпкерлердің  еңбегі бұдан былай да жоғары бағалана беретініне сенімдімін». 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер