«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Кәсіпкерлер енді фитосанитарлық және карантиндік сертификаттарды Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан (ХҚКО) алмайды

2016 жылғы 22 Желтоқсан
- Қостанай облысы
4043 просмотров

Яғни, карантинде тұрған өнімдерді экспорттауға және тасымалдауға қажет құжаттарды алу процесі бұрынғыдай ұзаққа созылмайды.

«Атамекен» ҰКП өңірлердегі, әсіресе, Қостанайдағы бизнесмендерден көптеген шағымдар түскен соң осындай шешім қабылдады. 

2015 жылдың қазан айында Ауылшаруашылығы министрлігі мен  Инвестициялар және даму министрлігі бірлесе отырып, пилоттық жоба енгізген еді, сол жобаға сай сертификатты тікелей өңірлік инспекция органдары емес, Халыққа қызмет көрсету орталықтары беретін болған. Бастапқыда бұл жоба кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың арасындағы сыбайластықты тежеп, жемқорлықты азайтуды көздеген еді.

Дегенмен, іс жүзінде бизнесмендер көптеген қиындықтарға ұрынды. Егер бұрын сертификатты бірнеше сағатта алатын болса, ХҚКО араласқан соң бұл үдеріс тым ұзаққа созылып кетті. Делдалдар өңірлік инспекцияға күніне екі рет барып келеді, кәсіпкерлер соларды күтіп отыруға мәжбүр болды, кейбірі құжаттарға келесі күні әрең қол жеткізген.

«Бұл регламентке қайшы емес, бірақ өнімді теміржолмен жөнелту кезінде мұндай кешігу вагондарды текке ұстап, шығынға батырады. Кәсіпкерлер тарапынан шағымдар көбейген соң, біздер арнайы бақылау жүргізіп, құжат күту мерзімінің тым созылып кеткеніне көз жеткіздік. Бұл жаңа жоба діттеген мақсатына жетпеді. Сертификатты беретін инспектор бұрынғыша өнімге тексеріс жасап, сынама алып, оны «Фитосанитария» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жібереді. Яғни, мемлекеттік органмен арадағы «жең ұшынан жалғасудың» алдын алу бұл салада мүмкін болмады», – деді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы филиалының агроөнеркәсіптік кешен бөлімінің басшысы Қайыр Айсин.

Бұл мәселенің жүйелі түрде қайталанатынын ескере келе, «Атамекен» ҰКП оны Ауылшаруашылығы министрлігімен бірге қайта қарап, нәтижесінде пилоттық жобаны іске қосу туралы бұйрықтың күші жойылатын болды. Тиісті құжат қазіргі таңда Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамасынан өтіп жатыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер