«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Кінәсіздігі дәлелденді

2016 жылғы 23 Желтоқсан
8550 просмотров

Азық-түлік корпорациясының еншілес мекемесі кәсіпкерден қаржылай сома ұстап қалып, оны жауапсыз жеткізушілер тізіміне енгізген

Апелляциялық инстанция соты «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ – «Астық Қоймалары» ЖШС заңсыз ұстап қалған 300 мың теңге көлеміндегі соманы кәсіпкерлік субъектісіне қайтарып беру туралы шешім шығарды және сот үкімі өзінің заңды күшіне енді.

2015 жылы «Меркурий Со» ЖШС «Астық қоймалары» ЖШС-нің сатып алулар байқауына қатысып, жеңімпаз деп танылған. Алайда белгісіз бір себептермен тапсырыс беруші уақтылы жеткізілген тауарды қабылдаудан бас тартады.

Осылайша, «Меркурий Со» екі айдан астам уақыт бойы «Астық қоймалары» ЖШС-не тауарды қабылдау туралы хаттар, шағымдар, өтініштер жазумен болған. Нәтижесінде тауарды қабылдап, оның ақысын бірден емес, 69 күн бойы біртіндеп төлейтіндерін айтқан. Онымен қоймай, тапсырыс беруші тауарды кеш әкелді деген сылтау тауып, жеткізушіге 300 мың теңгені кем төлеген. Ол ақшаны өсімақы ретінде ұстап қалған.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкер құқығын қорғау департаментінің сарапшысы Шыңғыс Теміров сотқа өтініш-шағым әзірлеп, 2016 жылдың 27 қыркүйегінде Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қаражатты қайтарып беру туралы арызды қанағаттандырған екен.

Жауап беруші соттың аталған шешімін қайта қарау туралы өтініш білдірген көрінеді. Десе де 2016 жылдың 30 қарашасында апелляциялық инстация соты шешімді өзгеріссіз қалдырыпты.

ҚР Азаматтық кодексінің 365-бабы 3-тармақшасына сәйкес, несие берушінің салдарынан қарызды төлеу уақыты кешіктірілген болса, несие алушы төленетін соманы кешіктіріп берген тарап болып саналмайды.  ҚР АК 366-бабындағы талаптарға сай, егер қарыз беруші тарап, қарсы тарап ұсынған талаптарды орындаудан бас тартса немесе келісімшарт не заңда қарастырылған ережелерді орындамаса немесе несие алушы жұмыс барысында орын алатын жағдайлардың салдарынан немесе төлем төлеуге дейін міндетті түрде орындалуы тиіс талаптарды орындай алмаған жағдайда, несие беруші кінәлі тарап деп танылады.

«Осылайша біз тауарды жеткізуге қатысты мәселеде жеткізушінің емес, тапсырыс берушінің кінәлі екенін дәлелдей алдық. Демек, «Астық қоймалары» ЖШС өсімақыны заңсыз түрде ұстап қалған, – дейді Шыңғыс Теміров. ­­– Алайда «Меркурий Со» ЖШС бүгінге дейін жауапсыз жеткізушілер тізімінен шығарылмаған, сондықтан «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ жүйесіне енетін компаниялардың сатып алуларына қатыса алмайды. Алдағы уақытта серіктестік тізімнен шығарылады деген ойдамыз. Себебі, тауарды тиісті уақытынан кешіктірілгеніне оның кінәсі жоқ екені өз күшіне енген сот актісі арқылы дәлелденді».

ҰКП «Меркурий Со» ЖШС-ны «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ жауапсыз жеткізушілер тізімінен алып тастауды көздеп отыр.

Іс материалдарымен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер