«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай етіне қызығушылық зор

2017 жылғы 16 Қаңтар
- Қостанай облысы
7511 просмотров

Пермь өңірінің бизнесмендері Қостанайда өндірілетін еттерді ресейлік сауда нүктелері арқылы сатып өткізуге көмектеспек

«Торговый город» логистикалық кешенінің өкілдері қазақстандық өңдеушілерге өздерінің жобаларын таныстырып, әріптестік құруға шақыру мақсатында Кәсіпкерлер палатасына келді.

«Торговый город» – Ресей Федерациясының Пермь аймағында орналасқан, аумағы 83 мың шаршы метр болатын, ыңғайлы логистикасы, заманауи тоңазытқыштары, ет өңдейтін цехтары мен өнім сапасын бақылауға қажеттінің барлығы бар жаңа орталық. Орталықтың жұмыс істеу қағидасы қарапайым: бизнесмендер порталға тіркеліп, өтінім арқылы еттің нақты көлемін жариялап, қалаған бағасын көрсетеді. Пермьдік әріптестері ресейлік супермаркеттер мен дүкендердің ішінен сатып алушылар табады. Тапсырыс алдын ала орындалған жағдайда, өнімді жеткізуді, сақтауды және өткізуді қамтамасыз етеді.

«Бұл ретте алдын ала жасалған тапсырыс көрсетілген топтаманың 70%-ынан кем болмауы қажет. Баға белгілеу процесі ашық, қандай тауарды сатып алған тиімдірек екенін тұтынушының өзі таңдайды. Логистикалық орталықтағы өнімдер делдалдар мен алыпсатарларды шетке ысырып, тікелей дүкендерге, соңғы тұтынушыға дейін жеткізіледі», – дейді «Торговый дом» логистикалық орталығының бас директоры Андрей Сбоев.

Кешен ақпан айында іске қосылады, бірақ жоба жетекшілері әлеуетті клиенттердің назарын аудару мақсатында қазірден бастап Қазақстан өңірлерін аралауға кірісіп кеткен. Қазіргі таңда олар сиыр мен қой етіне қызығушылық танытып отыр. Қонақтардың өтініші бойынша Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары ет өңдеумен айналысатын қостанайлық кейбір бизнесмендермен кездесу ұйымдастырды. B2B форматында өткен кездесуде ортақ ынтымақтастыққа қатысты жайттар талқыланды.

Жалпы алғанда, кешен Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен жақын шетелдерден тауарлардың түр-түрін, яғн жеміс-жидектер мен көкөністерді, киім-кешектер мен үйге қажетті тағы басқа тауарларды қабылдап, сақтауға және өткізуге дайын.

Жоба туралы барлық қажетті ақпаратты www.torgor.ru  ресми сайтынан алуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер