«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Сəйкестікті растау – кезек күттірмейтін іс

2017 жылғы 23 Қаңтар
- Қостанай облысы
6377 просмотров

Жетіқара бизнесмендеріне сәйкестік сертификаты жоқ өнімдерді импорттаудың салдары қандай екені түсіндірілді

Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі басқарма мен Кәсіпкерлер палатасы филиалының мамандары семинар өткізіп, онда үшінші елдерден әкелінетін тауарлар сапасын растайтын құжаттарды рәсімдеу тәртібі түсіндірілді.

Бұл бастама өткен жылы ауданның санитарлық дәрігерлері өткізген сатып алуларға байланысты қолға алынған. Олар әкелінген тауарлардың жекелеген категориясын сатқан кезде заңбұзушылықтар орын алатынын көрсеткен, яғни тауарлардың сәйкестік сертификаты жоқ. Сонымен бірге, Еуразиялық экономикалық одақ заңнамасы сәйкестігі расталуы тиіс тауарлардың тұтас тізімін жасап қойған. Бұл тізімге енетін тауар түрі де көп. Мәселен, медициналық өнімдер, тұрмыстық химия, темекі және алкоголь өнімдері, ойыншықтар және тағы басқа.

Құжаттар болмаған жағдайда кәсіпкерлерді айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік күтіп түр.

Семинарда  заң аясындағы жұмыс ережелері таныстырылып, сонымен бірге бизнестің алдында кесе көлденең тұратын нақты мәселелер түсіндірілді.

«Соңғы мысалдардың бірі – Палатаға жүгінген кəсіпкер əйелдің басындағы жағдай. Ол Алматыда  импорттық былғары өнімдер топтамасын сатып алған. Бірақ оның қолында сəйкестікті растайтын құжат болмаған. Сертификаттың түпнұсқасы оның көтерме саудамен айналысатын əріптесінің қолында болған. Ал мұндай жағдайларда құжат көшірмесі жарамсыз саналады. Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департаменттің қызметкерлері түсіндіріп өткендей, көшірме өндіруші немесе сəйкестікті растау процедурасын жүзеге асырған тұлғаның мөрі болған жағдайда ғана жарамды болады. Сонымен бірге құжатта «көшірмесі дұрыс» деген жазу болуы тиіс. Яғни, орындалуы қиын емес талаптар. Мұны алдағы уақытта жұмыста проблемалар туындамас үшін орындаған абзал», – деді облыстық Кəсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Роберт Юсупов.

Палатаның Жетіқара аудандық филиалы қызметкерлерінің айтуынша, мұндай семинарлар Палата мен мемлекеттік органдардың өзара ынтымақтастығының тұрақты тəжірибесіне айналған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер