«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Құрылыс комитеті 2016 жылды қорытындылады

2017 жылғы 26 Қаңтар
9042 просмотров

Жауапты жұмыс 2017 жылы да өз жалғасын таппақ

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Құрылыс және құрылыс материалдары өндірісі мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы комитетінің отырысы өтті. Шараға  ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева, комитет төрағасы Александр Белович пен палата мүшелері – салалық қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева, қатысушылар назарына, Комитеттің 2016 жылы атқарған жұмыс нәтижелері туралы таныстырылымын ұсынды. Ол өз кезегінде, «Атамекен» алаңында көптеген түйіткілді мәселелердің талқыланғанын тілге тиек етті. Мәселен, ЕАЭО Техникалық регламентінің жобасына қатысты жұмыстар қолға алынып, «Нұрлы жер» бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өткен. Естеріңізде болса, аталған бағдарлама ипотека мөлшерін азайтып, жекеменшік құрылыс компанияларына қолдау көрсетуді, сондай-ақ, ЖТҚ-ны (жеке тұрғын-үй құрылысын) дамытуды көздейді. Сонымен қатар, 2016 жылдың 1 наурызынан бастап өз күшіне енген, құрылыс саласындағы рұқсат құжаттарын алу процедурасын жеңілдетуді көздейтін, құрылыс саласындағы рұқсат беру процедураларын өткізу және құрылысты ұйымдастыру Ережелері әзірленген.

Осылайша, жаңа Құрылыс ережелеріне сәйкес, бастапқы материалдарды ұсыну мерзімі 6 есеге қысқарған (91 жұмыс күнінен 15 жұмыс күніне дейін); эскизді жобаны мақұлдау мерзімі 3 есеге азайған (30 жұмыс күнінен 10 жұмыс күніне дейін); сыртқы желілер жобаларын бекіту процедурасы жеңілдеп, 30 күн бен 60 күн аралығын қамтыған; жеке процедуралар «бір терезе» қағидаты бойынша біріктірілген.

2016 жылы ҰКП мен құрылыс саласындағы ірі қауымдастықтардың атсалысуымен сараптамалық мекемелер палатасы құрылды. Бүгінде оның құрамыне 62 сараптамалық мекеме енген.

Сонымен бірге, «Атамекен» құрылыс саласындағы әкімшілік кедергілерді жою мен кәсіпкерлер құқығын қорғауға қатысты ауқымды жұмыстар атқарған. Осылайша, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету аясында, Ұлттық палатаның құрылыс жобаларын жүзеге асыру, ағын суды тазалау, қотару, жинау жүйелерін қайта қалпына келтіру және жандандыру барысында, отандық тауар өндірушілер қызметіне жүгініп, елімізде жасалған материалдар мен қондырғыларды құрылыс ісіне тартуға қатысты бірқатар ұсыныстарын қабылдаған.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі ҰКП бастамасымен, ҚР 3.02.-43-2007  «Тұрғын-үй ғимараттарының» санитарлық номалары мен ережелеріне өзгертулер енгізген. Оған сәйкес, құрылыс саласындағы рұқсат беру процедураларынан өту және құрылысты ұйымдастыру жөніндегі қолданыстағы Ережелерге сәйкестендіру үшін, тапсырыс беруші, бекітілген жобаға өзгертулер енгізбей-ақ, әрлеу түрін таңдауға құқылы болған. 

Сондай-ақ, құрылыс және қала құрылысы, сәулет қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асырушы сарапшыларды аттестациядан өткізу мерзімі 51 жұмыс күнінен 30 жұмыс күніне қысқартылған.

Осылайша, комитет есебіне оң баға беріліп, жеке бағыттарға қатысты жұмыстар 2017 жылы өз жалғасын табатын болады.

Бұдан бөлек, отырыста мемлекеттік сатып алуларға қатысты қазыналық сүйемелдеу институтын енгізу мәселесі қаралып, бюджет қаражаты мен өзге де қаржы ресурстарының мақсатты қолданылуын бақылаудың баламалы тетіктері сөз болды.

Жиын қатысушылары 2017 жылға арналған жоспарды барлық бизнес-қоғамдастықтардың ұсынысын ескере отырып, қайта қарау туралы шешім қабылдады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер