«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Кедендік құнды анықтау қиынға соғуда

2017 жылғы 31 Қаңтар
- Қостанай облысы
6000 просмотров

Қостанайлық тауар импорттаушылар кеден органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіруді ұсынды

Аталған ұсыныс Кәсіпкерлер палатасында өткен «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі» жаңа кодексі жобасын талқылау барысында айтылды. Шара Палата мен Мемлекеттік кірістер департаментінің ЕАЭО Кедендік кодексі талаптары мен ережелерін бизнес-қоғамдастыққа түсіндіру жұмыстарының жалғасы болды.

Кездесу барысында, сондай-ақ, құжаттан бөлек, кедендік декларациялау кезінде орын алатын түйткілді мәселелер талқыланды. Сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары, сонымен бірге, тәуекелдерді басқару жүйесіндегі бірқатар проблемаларға қатысты шағым түсірді. Бұл ретте, мәселе, кедендік декларациялар базасы негізінде, Мемлекеттік кірістер департаменті бекіткен, әкелінген тауарлардың баға индикаторларының кедендік құнындағы ауытқуларға қатысты болып отыр.

«Іс жүзінде мұны былай түсіндіруге болады: тауарды импорттау барысында базада кім осындай тауарды қандай бағада әкелді деп сұралады да, ал кеденнен өткен кезде, бағаның ең жоғары сомасы алынады. Сонда, тауар бағаларының әркелкілігіне жол беріліп отыр ғой. Яғни, бұл дегеніміз – кәсіпкерлердің салық міндеттерін азайтуға және өнім бағасын төмендетуге кедергі келтіру болып табылады. Міне, дәл осы тұста проблемалар орын алып жатады. Мысалы, өңірлік ірі шиналарды импорттаушы, тауарды төмендетілген бағамен әкелу үшін, жеткізушінің жеңілдіктерін пайдалана алмаймын деп шағым түсіріп отыр. Себебі, кедендік бағаны анықтау кезінде, бір дана тауар құны мен көп мөлшерде әкелінетін тауарға бірдей баға бекітіледі екен. Сонда, ол бір дөңгелек әкелсе де немесе бір топтама дөңгелек әкелсе де, еш айырмашылық жоқ, екеуінің де бағасы бірдей», – деп мәселенің мән-жайын түсіндірді Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Роберт Юсупов.

Проблеманы шешу мақсатында, салық органдарының өкілдері, декларацияға әкелінген тауар туралы барынша көп мәлімет енгізу туралы ұсыныс айтты. Бір сөзбен айтқанда, жеңілдіктер туралы құжаттарды да негізгі құжаттарға қосып қою керек дейді салық қызметкерлері. Кедендік декларация жөніндегі мамандар, өз кезегінде, мұндай үлгінің бір кемшілігі бар екенін алға тартты: қосымша тексеріс барысында, кәсіпорын есепшоттары жабылып қалуы мүмкін. Олар ұсынылған бағаны растау үшін, декларация ұсынушының құжаттарына қатысты шешім қабылдау процесін барынша жеделдету қажет деген ұсыныс жасады.

Ал, Қостанай облысы МКД басшысының орынбасары Талғат Арысбаев, кедендік құнды анықтауға қатысты қандай да бір мәселе орын алған жағдайда, кәсіпкерлерді жекелей қабылдауға әзір екенін жеткізді.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер