«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Дәрі-дәрмек бағасы: өндірушіден тұтынушыға дейін

2017 жылғы 14 Ақпан
7276 просмотров

Дәріханалар электронды қызметке көшу керек

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Фармацевтика, медицина өнеркәсібі мен медициналық қызметтер комитетінің денсаулық сақтау жүйесіндегі түйткілді мәселелерге арналған кеңейтілген отырысы өтті.

Кеңес басқосуында фармацевтика саласындағы емдік дәрі-дәрмектердің, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын реттеу және оларды өткізу, емдік дәрі-дәрмекті тіркеу, фармацевтикалық өнімдерді экспорттау және патенттеу заңнамасы мәселелерін талқыланды.

Жиынға, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығының президенті Серік Сұлтанов, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының м.а. Лариса Пак, Фармацевтикалық өнімдер дистрибьюторларының қауымдастығынан Наталья Гунько, Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова бастаған фармацевтика саласының көптеген өкілдері мен кәсіпкерлері қатысып, өңірлік палаталармен видео байланыс орнатылды.

Сөз алған ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов: «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында медицина саласына қатысты бірқатар міндеттемелер айтылды. Қазіргі таңда негізгі іс-шаралар анықталды, жалпыұлттық жоспар да бекітілді, алайда нақты жүзеге асыру жоспарын өндірушілермен, дистрибьюторлармен, тұтынушылармен бірлесе жасау керекпіз. Кәсіпкерлер палатасы алаңында қызығушылық танытқан қауымдастықтармен, кәсіпкерлермен бірге жасауға дайынбыз. Фармацевтика саласындағы мәселелерді көтеріп, ұсыныстар жолдаңыздар», – деп көпшілікті бірге жұмыс істеуге шақырды.

Сонымен қатар, Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығы арасында бірлескен құжат дайындауды, сол құжаттың аясында кездесу мерзімін белгілеуді, фармацевтикадаға түйткілді мәселелерді шешу үшін арнайы талқылауды ұсынды.

«Бөлшек саудада дәрі бағасына мемлекеттік қолдау жоқ, тұтынушылар өз қалтасынан төлеп отыр. Дәріхана сырқат жандарға диагноз қоятын орын емес, дәрі сататын мекеме. Ал ауру белгілеріне қарай диагнозды дәрігер бекітеді. Сондықтан да медициналық қызмет, дәріханалар электронды қызметке көшу керек. Тұтынушы электронды қосымша арқылы дәрі бағасын қарап, қай дәріханада бар екенін анықтап, өзі таңдау жасайды. Министрлік IT мамандарымен бірлесіп, осындай электронды қосымша жасамақ ойда», – деп ҚР Денсаулық сақтау министрі баға реттеудің бір қырын көрсетті.

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының м.а. Лариса Пак дәрі-дәрмек бағасына мемлекеттік реттеу ТМККК аясында ғана жүргізілетінін айтып, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске, Кәсіпкерлік кодексіне және өзге де нормативтік құжаттарға өзгерту енгізу керек деген ұсынысын жеткізіп, дәрі-дәрмек бағасы барлық кезеңде қадағалануы керек дегенді алға тартты.

Отырыста «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығы президенті Серік Сұлтанов GMP стандартын енгізбей бекітілген шектік бағаның дұрыс қойылмауы мәселесін көтеріп, бағаны реттеуде британиялық формулярды үлгіге алуды ұсынды. Оның айтуынша, ұлттық сараптама мекемелері қызметінің бағасы жоғары және бағаны белгілеудің тиімсіз механизмі отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін төмендетуі мүмкін.

Фармацевтикалық өнімдер дистрибьюторлары қауымдастығының өкілі Наталья Гунько да баға белгілеудегі кемшіліктерді атап өтті. Әдіс ең төменгі бағаға көзделген, мақұлданған генерик пен тұпнұсқа дәрі-дәрмектің тендерге қатысуынан шығады, ал бұл жосықсыз жеткізушіге пайда табуға жол береді дейді.

Өз кезегінде сөз алған Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова дәріханалардағы бағалар шарықтап тұрғанын, сондай-ақ дәрі дайындау құқығына ие дәріханалардың жұмысын, артық қоспасыз дайындалатын дәрілердің өткізілуін кешіктірмей реттеу керектін, заңнамаға өзгерістерді шұғыл енгізуді жеткізді. Себебі, дәріханаларда артық қоспасыз дайындалатын дәрілер 10-30 күн ғана сақтауға жарамды жәнебалаларды емдеуге қолданылады, оларды зауыттарда дайындау тиімсіз екенін хабарлады.

Комитет басшысы Жамболат Сәрсенов жиынды қорытындылай келе, «Атамекен» ҰКП Қызмет көрсету департаментіне электронды-цифрлы технологияны пайдалана отырып, фармацевтика саласындағы кәсіпкерлердің ұсыныстарын жинақтап, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жолдауды тапсырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер