«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Кәсіпкер, денің сау болсын!

2017 жылғы 16 Наурыз
- Қостанай облысы
7801 просмотров

 Қостанайлық компаниялар қызметкерлерінің медициналық тексерулерінде миллиондаған теңге үнемдейді 

Тамақ өндіріс кәсіпорындары қызметкерлерін медициналық тексеруден жылына екі рет емес,  бұрынғыша бір рет  қана өткізеді

Бұл туралы Өңірлік кәсіпкерлер палатасын компаниялар басшылары сұраған. Медициналық тексерулерді ұлғайтқан жаңа ережелер 2016 жылдың қаңтарынан енгізілген болатын.  Бизнес болжамы бойынша бұл жаңа бастама бюджетке ауыр тиген. Мәселен 2015 жылы «Баян Сұлу» атты қостанайлық кондитер фабрикасы қызметкерлердің жыл сайынғы медицианлық тексерулеріне шамамен 12 млн теңге жұмсаған болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 26 млн болған.

Аталған мәселе басқа да тамақ өндірісімен айналысатын компанияларда да орын алған. Жаңа норманың санитарлық-эпидимиологиялық қауіпсіздікке негізделгенмен, бизнесті шығынға батырып отыр. Осыған орай «Атамекен» ҰКП өзінің градациясына сәйкес қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істейтін қызметкерлерге медициналық тексеру алты айда бір рет, ал тамақ өндірісінде жұмыс істейтін қызметкерлер текеруден жылына бір рет өтуді ұсынды.

Нәтижесінде 2017 жылдың ақпанында «ҚР Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерту енгізу туралы» Бұйрық күшіне еніп, бұл құжатқа сәйкес Ұлттық кәсіпкерлер  палатасының ұсынысы ескерілген.  

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер