«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Темір жол қызметінің бағасы алтынмен тең

2017 жылғы 24 Наурыз
- Қостанай облысы
6160 просмотров

Қостанайлық кәсіпкерлер теміржол қызметінің қымбатшылығына наразы

Олардың айтуынша монополист ойдан баға шығарып, тарифтерді жоғарылатқан, сондықтан кәсіпкерлер Палатадан көмек сұрайды. Барлық арыздар мен шағымдар «Көлік сервисі орталығы» АҚ-пен өткен кездесуде айтылды. Дәл осы компания 2015 жылдан бастап облыстың кәсіпорындарына  апаратын кірме темір жолдардың иесі атанған. Компания басшылығы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы сұрауымен орын алған мәселелерді шешу үшін астанадан арнайы келген.

Тауар өндірушілер неге наразы? «Көлік сервисі орталығы» АҚ-тың жаңа тарифтік есептеуіне наразы. Осыған дейін кәсіпорныдар вагондар қызметі үшін тек бір жаққа төлейтін, ал енді кәсіпкерлер екі бағытқа да төлеуге мәжбүр. Нәтижесінде, кем дегенде екі есе шығын орын алып отыр.

«2010 жылдан бастап біз әр вагоны үшін 3 мың теңге төлеп келдік. Сосын баға алты мыңға өсті, ал 2016 жылы тарифтер тіпті 8-10 мыңға өсті. Екі жыл бұрын темір жол қызметі осы кірме жолдарды жекеменшік фирмаға сатады. Жаңа фирма 2016 жылдың 1 желтоқсаннан бастап бізбен келісімшарттарды бұзып, қымбат тарифті бекітеді. Нәтижесінде біздің шығындарымыз ұлғайды, мұндай шарттар бізге қолайсыз, біздің тауар өткізу нарығымыз онсыз да кішігірім. Алайда «КСО» АҚ – монополист, сондықтан бізде таңдау жоқ. Нарықта басқа кірме жолдармен жұмыс істейтін компаниялар бар, олар тарифтерді көтермейді. Сонда біздің темір жол алтынмен қапталған ба?», – дейді «Казторгтранс» ЖШС диірмен кешенінің  директоры  Халиулла Гран Ака.

Кәсіпкерлердің айтуынша бұл жоғары тарифтер тым қымбат, оны локомотивтер қозғалысынан аңғаруға болады. Өйткені лкококмотивтер жүк вагондарды тартқанда әр кәсіпорынға артқа шегінусіз жолшыбай кіреді. Дегенмен, әр тұтынушы компания бүкіл локомотивтің толық жүрісіне  ақша  төлеуге мәжбүр. Ара қашықтық ұлғайған сайын тарифтер де жоғарылайды.

 «Көлік сервисі орталығы» АҚ президентінің кеңесшісі   Есенжан Ханбай орын алған мәселені былай деп түсіндірді. Біріншіден, есептеу әдісі жаңа. Әдіс 2014 жылы монополиге қарсы ведомствомен бекітіліп, кірме жолдардың иесі ауысқаннан кейін күшіне еніп отыр. Екіншіден, темір жолдың сапасы өте нашар. Өңір бойынша тозық деңгейі 95 %-ға жеткен, бұл көрсеткіш мемелкет бойынша 89%-ға тең. Өткен жылдың өзінде 26 қозғалыс құрамның рельстен шығып кетуі орын алған. Демек, фирма жөндеу жұмыстарына ақша бөлуге мәжбүр болған.

«Жекеменшік фирма «КТЖ» АҚ-тан акцияның 100% сатып алған. Акциялармен қоса барлық мәселелерді де мойнына алды. Жөндеу, жандандыру жұмыстарына үлкен қаражат құйылды, алайда әзірге ешқандай пайда жоқ, тек шығындар», – деді Есенжан Ханбай.  

 «Атамекен ДОС» ұн тартатын компанияның жетекшісі Асқар Жабаев фирмаға кірме жолдардың біразын кәсіпкерлерге сатуды ұсынды. Сонда кәсіпкерлер жөндеу жұмыстарына өздері шығынданатын болады. Шын мәнінде жолдарды жөндеп жатқан кәсіпкерлер. Кейбір кәсіпорындар жолдардағы апатты жағдайларды алдын алу үшін жөндеу жұмыстары шығындарын өздері көтереді. Дегенмен, мұндай ұсыныстан монополист бас тартты.

«Бұл мәселе, өкініке орай, шешілмеген күйі қалып отыр. Екі тарап өз шағымдарын айтты, біл мәселені шешудегі алғашқы қадам деп есептейік. Біздің ұсынысымыз мүмкіндік болса тарифтердің жаңа әдісін қайта қарастыру керек. Бұл үдеріске кәсіпқой сарапшыларды және монополийлерге қарсы департамент өкілдерін тартуға дайынбыз. Бұл мәселе маңызды, мұнда ортақ шешім керек, әйтпесе екі тарап та шығынға бата береді. Кәсіпорындарда тауарлар жиналып қалып жатыр, темір жолда тапсырыс жоқ, бастысы мұнін бәрі экономикаға нұқсан әкеліп отыр», – деді Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директоры Мұрат Әбенов.

 Айта кетелік, Өңірлік кәсіпкерлер палатасына темір жолға қатысты шағымдардың негізінде Табиғи монополилерді реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті «Көлік сервисі орталығы» АҚ-қа қатысты тексеру жұмыстарын жүргізген. Оның қорытындысы жуық арада дайын болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер