«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қорғау

FAQ

Алматыда Retail Business Kazakhstan бөлшек сауда бизнесінің саммиті өтеді

2017 жылғы 15 Мамыр
7252 просмотров

Бизнес-саммитте нарық заңы мен бизнесті 100% өсірудің әдістері жайлы айтылады

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Алматы қаласында 2017 жылдың 18-19 наурыз күндері бизнес-саммит өтеді. Саммитке Қазақстан мен Ресейдің бөлшек сауда желісіндегі 500-ден аса бизнес иелері мен топ-менеджерлері, өндірушілер, дистрибутерлер мен ритейл бойынша  қызмет көрсету компанияларының өкілдері қатысады.

Алматы бизнес-саммитінде бизнес өкілдері нарық құлдырауы жалғасып жататын болса, қандай стратегияны таңдау керектігі жөнінде біле алады. Сондай-ақ, өрлеуге алып келетін тұрақты әрі қалыпты дамуға қажетті тәсілді уақытында қолдану үшін нені ескеру керектігін айтылады. Саммитке қатысушылар адам капиталын сақтай отырып шығынды азайту үшін бизнесті оңтайландыруда қандай тәсілді қолдану қажет екенін білетін болады.

Саммитте сондай-ақ, бизнесі қалай әртараптандыру керектігі: ең алдымен қазақстандық нарық есебінен өткізудің жаңа арналарын қосу немесе жаңа нарыққа шығу, аты шулы жабылу, өңірлік ритейлдің болашағы, қазір және келешекте нарыққа қандай заңдар керек, бөлшек сауда қатысушыларын мемлекеттік қалай қолдап отыр деген мәселелер қамтылатын болады.

Retail Business Kazakhstan саммитіне Ресей серіктестерінің делегациясы көптеп келеді деп күтіледі. Конгресс аясында делегаттар бөлшек сауда бизнесіне арналған жаңа технологиялар, азық-түліктер мен қызметтер қойылатын Retail Expo Kazakhstan көрмесін тамашалай алады.

Қатысу мен тіркелу шартын 201@bbcg.kz, +77771251111 немесе www.bbcg.kz сайттан біле аласыздар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер