«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай студенттері өңірлік кәсіпорындардың мәселесін шешуді өз мойындарына алды

2017 жылғы 03 Мамыр
- Қостанай облысы
4942 просмотров

Облыста бизнес-кейстерді шешуге арналған «Кемел кәсіпкер» республикалық чемпионаты басталды

Чемпионатты Almaty Management University кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту орталығы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және Eurasian Resources Group (ERG) компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды.

Алғашқы кезең 3 мамыр күні М.Дулатұлы атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде өтті, ал екінші кезең 5 мамыр күні Рудный индустриалдық институтында болады.

Әрбір команда тапсырмаға сай Еурагиялық топ құрылымына кіретін компаниялар тәжірибесінен нақты жағдайдан қалай шығу керектігін шешуі керек. Студенттер идеяларын таныстырылым ретінде дайындап, әділ қазылар назарына ұсынады.

Нәтижесінде ұйымдастырушылар өте іскер, белсенді 30 студентті анықтайды. Олар Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарынан келген замандастарымен бірге Алматы облысындағы демалыс базасында орналасқан Кәсіпкерлік лагеріне барады.

«Қатысушылар лагерде 10 күн бойы еліміздің үздік бизнес-тренерлерінен ұмытылмас тренингтер алады, өз бизнес-жобаларын қызықты етіп құрасырады. Бұл тәжірибе алмасуға, кәсіпкерлікте өз орнын табуға жақсы мүмкіндік. «Кемел кәсіпкер» чемпионатының басты мақсаты – жастардың іскерлік әлеуетін артырып, студенттік жылдардан бастап бизнеспен айналысуға деген ынтасын ояту», – деп түсіндірді жоба жетекшісі Динара Рысбекова.

Чемпионат – Eurasian Resources Group компаниясының студенттер арасында жастар кәсіпкерлігінің экожүйесін қалыптастыруға арналған бастамасының қисынды жалғасы.

Іс-шара жастардың жігерін оятып, өз бизнес-идеяларын ойластыруды қалыптастыратын алаң құру,  оны бизнес-жоспарлау мен бизнес-жобалауға айналдыруды мақсат тұтады.

Қостанай облысынан чемпионатқа қатысуға Қостанай инженерлік-экономикалық университеті мен рудный индустриалдық институты қатысуға келісім берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер