«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай облысы түлектерінің 68,5%-ы болашақ мамандықтарына таңдау жасады

2017 жылғы 06 Мамыр
- Қостанай облысы
5657 просмотров

Саулнаманың қорытындысы кәсіби бағдарға арналған облыстық ғылыми-әдістемелік кеңес аясында айтылды 

Қостанай облысының орта мектеп түлектері болашақ мамандықтарын таңдап қойды. Бұл туралы жергілікті Білім басқармасы мен ӨКП мамандары ұйымдастырған сауалнама нәтижесінде белгілі болды.  

Қорытынды нәтижесі кәсіби бағдарға арналған облыстық ғылыми-әдістемелік кеңес аясында айтылды.

 Сауалнамаға сәйкес мектеп түлектерінің 68,5%-ы өздерінің қай салада жұмыс істегісі келетіндерін нақты білетіндерін көрсеткен. Қалғаны болашақ мамандықтарын әлі таңдамағандарын, қай салада жұмыс істегісі келетіндерін шешпегенін көрсеткен.

 «Оқушылардың біразы отбасылық дәстүрге сәйкес мамандықты таңдайды екен. Басқалары тек белгілі бір  мамндық иесі ретінде өздерін көретіндерін айтса, кейбірі жоғары жалақыны көздейтін болып шықты», – деді Қостанай облысы өңірлік кәсіпкерлік палатасы Адами капитал бөлімінің бастығы Манарбек Қазин.  

Ал сауалнамаға қатысқан түлектердің 23,2%-і әлі таңдау жасамаған. Тіпті олардың ішінде болашақ мамандық туралы ойламаған оқушылар да бар. Сауалнама ұйымдастырушылар мектеп түлектерінен мектептегі кәсіби бағдар бойынша түсіндіру жұмысары жүргізіле ме деп сұрады. Нәтижесінде білім ордаларында ондай шаралар тек 2-3 рет қана өткізілетіні анықталды. Сұраныстағы мамандықтар туралы ақпаратты  оқушылар ата-аналарынан немесе ғаламтор арқылы біледі.

«Бұл жағдай кәсіптік бағдар бойынша жаңа әдістерді қолдануды талап етеді. Баланың болашақ мамандығы жайлы ерте кезден ойланбауы өзекті мәселе. Мектептегі мамандар баланы еңбек нарығына икемдеу, болашақ мамандықты табу, сол бойынша емтиханға дайындалу сынды жұмыстарға жауаппен қарауы керек, әрі жұмыспен қамту орталығы мамандарын тұрақты түрде семинарларға шақырып тұру маңызды. Бұл жұмыстарға үстірт қарамай, жаңа технологиялар, интернет мүмкіндіктерін де жұмылдыру жөн. Оқушы түсіндіру жұмысына қызығушылықпен қарауы керек», – деді Палата маманы.

ӨКП мектепте кәсіпкерлік негіздерін оқытатын факультативті курстар мен сабақтан тыс сағаттарды ұйымдастыруды ұсынды. Сауалнамада оқушылар кәсіпкерлікке оқығысы келетіндерін айтқан. Аталған семинарларға қоғамдық ұйым мамандары мен бизнесмендер келіп дәріс оқуы мүмкін. Осындай шаралар арқылы оқушылар арасында кәсіпкерлікке бейімі бар балаларды анықтап, оларға болашақтағы кәсібі бойынша бағдар беруге үлкен көмек болар еді.

 Адами капиталдың дамуы еліміздегі кәсіпорындарға кәсіби мамандарды дайындауға ықпал ету «Атамекен» жұмысының басым бағыттарының бірі. Осы ретте Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы жергілікті маман тапшылығын жою бойынша кешенді жұмыс атқармақ. ӨКП мектептерде, колледждерде дуальды білім беру аясында студенттерге кәсіпорындарда экскурсия ұйымдастырып, мектептерде кәсіби бағдар бөлмелері ашылып, бизнестің қолдауымен қаланың ірі компаняилары жайлы ақпарат беретін тақтайшалар ілінеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер