«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайда балаларға арналған ерекше акция өткізілді

2017 жылғы 01 Маусым
- Қостанай облысы
6754 просмотров

Балаларды қорғау күнінде «Милх» компаниясы мерекелік акция өткізді. Балаларға фирманың жаңа өнімі, яғни «Жаңа күн» балмұздағы тегін таратылды

Кәсіпорын өндірісін кеңейту туралы былтырдан бері айтылып келе жатты. «Толх» ЖШС басшысы, Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Сергей Блок бәсекелестердің өнімінен кем түспейтін тәттіні шығаруға дайын екенін айтқан еді. Зауытта жаңа жабдық орнатылып, таяу күндері алғашқы өнім дайындалды.

Зауытта барлығына таныс пломбир, шоколадты және кілегейлі балмұздақ шығарылады. Балмұздақ классикалық әдіспен табиғи қоспалардан дайындалады. Технологтарға ересектер дәмін татқанда балалық шақтарын еске алатындай балмұздақ дайындау тапсырылған. Жаңа өнімнің дәмін татқан ата-аналар өндірушілердің идеясы жүзеге асқанын растады.

«Әзірге вафельді стакандарда шығарып жатырмыз, кейін түрлерін көбейтіп, тіпті эскимоны да жасаймыз. Бүгін балалардың мерекесінде ерекше сыйлық жасағымыз келіп, жүк көлігімен алып келдік. Балмұздаққа қуанбайтын бала жоқ қой. Әлі бірнеше акция өткіземіз, әрбір жаңа балмұздақтың дәмін татуға ұсынамыз», ­– деді «Милх» ЖШС директоры Сергей Блок.

Қостанайдан шығатын «Жаңа күн» балмұздағы енді қала тұрғындарына ғана емес, «ЕХРО-2017» көрмесінің қонақтарына да сатылатын болады. Кәсіпкердің айтуынша, елордаға жеткізу келісімшарты жүргізіліп жатыр.

«Милх» ЖШС Қостанай облысындағы сүт өнімінен жоғары сапалы өнім дайындайтын заманауи ірі кәсіпорындардың бірі саналады. Алғашқы өнімін 1997 жылы жасап шығарған, сол уақыттан бері өнім сұрыпталымы көбейіп келеді. Сапа бақылауын қатаң ұстану тұтынушылар мен серіктестердің сенімін арттырды. Фирма отандық және халықаралық сапа байқауында бірнеше мәрте марапатталған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер