«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай кәсіпкерлерін 1,5 млрд теңге шығыннан құтқарды

2017 жылғы 29 Қыркүйек
- Қостанай облысы
4230 просмотров

Өңірлік палатаға 8 ай ішінде кәсіпкерлер тарапынан мемлекеттік органдардың әрекеті мен шешіміне шағымданған 190 өтінім түскен. Оның біршама бөлігі кәсіпкерлер пайдасына шешілді.

Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасында құқықтық топ сарапшыларының қатысуымен брифинг өтті. Брифингте бизнесті қорғау бойынша атқарылған жұмыстың нәтижелері айтылды.

Кәсіпкерлердің көбі бизнес жүргізу үшін жер телімдерін алу кезінде мемлекеттік органдардың шешімі мен әрекетіне шағымданған. Бос жер учаскелері туралы ақпарат әлі күнге дейін көпшілікке еркін хабарланбайды.

Облыс орталығының кәсіпкерлеріне нақты себебін көрсетпестен, жер учаскелерін беруден бас тартқан деректер де бар. Облыстың палата сарапшылары өтінімдерге талдау жүргізіп, барлық жағдайда негізді емес екенін анықтады.

Палата заңгерлері араласқаннан кейін 7 кәсіпкер жер учаскесін алды. «Атамкен» ҚР ҰКП бастамасымен түйткілді мәселе Үкіметте айтылды. Ол жақта шаралар қабылданды. Өңірлерде 2017-2019 жылдары бизнес жүргізуге арналған жағдайды жақсарту бойынша егжей-тегжейлі жоспар қабылданды. Оның аясында жер телімі туралы мәлімет көпшілікке ашық жарияланады.

Палатаға түскен өтінімдердің басым бөлігі салық мамандарына қатысты. Кәсіпкерлерді абоненттік төлемі бар «Wipon» мобильдік қосымшасын орналастыруға міндеттеп отыр. Себебі заң бойынша алкоголь өнімін есептік-бақылау маркаларынан ақпаратты оқитын құралсыз сақтауға және сатуға болмайды. Алайда ешбір жерде бұл құрал «Wipon» болу керек деп нақты жазылмаған. Ал мемлекеттік кірістер органдары бизнесмендерге қосымшаны пайдаланудан бас тартқан жағдайда лицензиядан айырып және акцизге жататын өнімді тәркілеумен қоса 1 300 000 теңге айыппұл салынатын ескертіп келеді.

«Бізге аталған қосымшаны тестілеуден өткізген кәсіпкерлер тарапынан көптеген өтінім келіп түсті. Олар көрсетілген қызметтің сапасына көңілдері толып отырған жоқ. Жылдамдығы төмен, шалғай аудандарда тұратындар үшін осы қосымшаны пайдалану мүлдем қиын, себебі интернетке қосылу жағы өзекті мәселе, бағдарлама үнемі тұралап қалады. Ал оның құрастырушыларға айтқаннан мәселе шешіліп кетпеді. Олар акциздік маркалардың дайындалуы сапасыз дегенді айтқан. Біз «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүгіндік, олар өз кезегінде Қаржы министрлігіне жеткізді. Қазіргі таңда осы мәселені қарастырады. Бұл мәселе кәсіпкерлер үшін оң шешімін табады деп ойлаймыз», - деп хабарлады Палата директорының орынбасары Самат Сәдуақасов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер