«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайлықтарға инновациялық бизнес-жобаны дамыту үшін көмек керек

2017 жылғы 18 Қазан
- Қостанай облысы
4087 просмотров

Рудный қаласындағы бұрынғы перзентхананы балабақшаға айналдыру үшін 1,745 млн теңге қажет

Кәсіпкерлікті қолдау және жобаларды сүйемелдеу картасы аясында Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы инвестиция тартуды көздеп отыр. Бұл туралы Рудный қаласындағы «Атамекен» филиалының басшысы Серікбай Абылғазиев Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов пен және кәсіпкерлермен кездесу кезінде хабарлады.

Биыл Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында «Рудный цемент зауыты» ЖШС 15 млрд теңге сомасын құрайтын, 258 жұмыс орнымен қамтамасыз ететін цемент зауытын іске қосады.

Іскерлік айналымға ары қарай да қаржы тарту мақсатында Рудныйдағы «Атамекен» филиалы кәсіпкерлерге инвестицияны қажет ететін жобалар туралы ақпарат жолдады. Оның ішінде 603,7 млн теңге болатын 33 жұмыс орны қарастырылған «SKANDINAVIA» ЖШС бар. Кәсіпорын аз қабатты құрылысқа арналған каркасты-панельді үйлерді дайындаумен айналысады. Бүгінде жер учаскесі рәсімделіп, жобалық-сметалық құжат дайындау келісімшарты жасалған.

Сонымен қатар Рудный қаласындағы бұрынғы перзентхананы балабақшаға айналдыру үшін де қаржы керек. 265 балаға шақталған балабақшаға 481,745 млн теңге қаражат керек. Егер жүзеге асса 80 жұмыс орны ашылмақ. Осы жылы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі арқылы байқауға шығарылады.

Еске салсақ, Ұлттық палата өңірлік даму картасын дайындауға бастама көтерген еді. Карта жеке кәсіппен айналысатын және енді бастағандарға бизнесті жоспарлауға мүмкіндік береді, сонымен қатар қандай да бір облыстағы бизнес ахуалы туралы ақпаратты онлайн-тәртіпте алуға болады. Бұдан өзге, «Атамекен» жобаларды сүйемелдеуге қатысты бизнес-жоспарды дайындаудан бастап инвестор іздеуге дейінгі көптеген қызметтерді көрсетеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер