«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Ресейліктер Қостанай кәсіпкерлері ұсынған турға қызығушылық танытты

2017 жылғы 15 Қараша
- Қостанай облысы
4827 просмотров

Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы бизнесмендерге туристік салада серіктестік байланыс орнатуға көмектесті

8-9 қарашада Челябинск облысы Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумында көптеген қонақтарды қабылдады. Іс-шараға өңір басшылары, мемлекеттік органдар, бизнес, іскерлік орта өкілдері мен білім-ғылым саласындағы сарапшылар қатысты.

Форумға Қостанай облысындағы 7 кәсіпорынның делегациясы да қатысты. Олардың қатысуын Кәсіпкерлер палатасы Туризм қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Форумда алғаш рет «Адами капиталды дамыту» көрмесінің аясында екі ел де туристік мүмкіндіктерін таныстырды. Қазақстан павильонына арнап 2 мың шаршы метр бөлінді. Қостанай облысының туризм саласын «BESTkz» экскурсия бюросы мен «Жайлау» емдік-сауықтыру шипажайы таныстырды.

«BESTkz» басшысы Валерий Гумиров форум барысында әлеуетті серіктестермен байланыс орнатып, ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізуге мүмкіндік алғанын атап өтті. Бұл облысқа келіп, Қазақстанның туристік бағыттарын көруге ынтызар адамдардың қатары артады деген сөз.

«Біз халықаралық көрмеге бірінші рет қатысып отырмыз. Біз 30-дан аса экскурсиялық маршрутты таныстырдық. Флаерлер мен виртуалды экскурсия форматында да таныстыру жүзеге асты. Ресейлік әріптестер біздің туристік бағытымызға қызығушылық танытты. Сонымен қатар Челябинск облысының туристік ұйымдарымен В2В кездесу өткіздік. Алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге келістік», – деді Валерий Гумиров.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер