«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

«Бастау Бизнес» түлегі қоқысты қайта өңдейтін цех ашты

2017 жылғы 17 Қараша
- Қостанай облысы
5381 просмотров

Қостанай ауданының тұрғыны Андрей Зеленский Кәсіпкерлер палатасында білім алып, өндіріс орнын ашу үшін грант ұтысына ие болды.

Андрей Зеленскийдің көзінде ақау бар, дегенмен денсаулықтағы кінәрат жеке кәсібін бастауға кедергі емес. Ол «Бастау Бизнес» бағдарламасы арқылы кәсіпкерлік негіздерін оқып, бизнес-жобасын сәтті қорғап, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің грантын иеленді.

Андрей жеке кәсібін бастауды көптен бері ойлап жүрген еді. Білім алғаннан кейін екінші реттік өндірісс үшін қоқысты қайта өңдеумен айналысатынын шешкен.

«Пластиктің шіруі үшін 2 мың жыл керектігін білгенімде оны екінші рет пайдалану туралы ойладым. Әзірге қайта өңдеу, бірақ шикізат екінші рет жасалып, құрылыс материалдарын өндіруде пайдалануға болады», - дейді жас кәсіпкер.

Кәсіпкер жабдықты жақында ғана сатып алды. Шағын ғана орынжайдан пластик бұйымдарды қайта өңдейтін полигон дайындады. Көз ауруына шалдыққан мүгедек жанды жұмысқа орналастырды. Бүгінде екеуі пластик бұйымның 24 түрінен шикіат алып отыр. Қалдық жеткізу бойынша Қостанайдағы тұрмыстық қатты қалдықты бөліп жинайтын компаниямен келісім жасалған.

Андрей Зеленскийдің айтуынша, келешекте қоқыстың екінші өндірісін іске қосуға ниетті. Усақталған пластикті құрылыста пайдалануға болады. Өзінің де көзі нашар көретіндіктен жолда жаяу жүретін зағип жандарға арналған арнайы жолақтар шығарғысы келеді.

Еске салсақ, «Бастау Бизнес жобасы 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында сәуір айында басталды. Биыл еліміздің 80 ауданын қамтыды, оның ішінде Қостанай облысының 6 ауданында оқытылып жатыр. Ауылда тұратын жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға бір айлық тегін оқу курсын өткізуді Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолға алған. Басты мақсаты – бизнес негіздері бойынша қажетті білім беру, жеке кәсіп ашу үшін жеңілдетілген несие алуға көмектесу.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер