«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Ауыл шаруашылығы министрлігі түсінік берді: кәсіпкерлер заңсыз жауапқа тартылған

2018 жылғы 22 Ақпан
12652 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті жергілікті атқарушы органдарға жер учаскесінің нысаналы мақсаты бір функциялық аймақ аясында коммерциялық қызметтің бір түрінен екіншісіне ауыстырылған жағдайда кәсіпкерлерді жерді мақсатсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартудың құқыққа қайшы екендігі туралы түсіндірді

2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметке арналған жағдайды түбегейлі жақсарту аясында Жер кодексіне елді мекен жерлері 4 функциялық аймаққа: тұрғын үй, әлеуметтік, коммерциялық және басқаға бөлінген норма енгізілгені белгілі.

«Тәжірибеде аталған норма тиімсіз болып шықты, себебі әкімшілік заңнама түзетілмеген және де қазіргі таңда жер учаскесін нысаналы мақсатына қарай қолданбағаны үшін жер учаскесінің иесі мен жерді пайдаланушыны жауапқа тарту қарастырылған», ­– деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Құрылыс департаментінің директоры Аспена Досмағанова.

Мысалы, егер жер учаскесінің нысаналы мақсаты құжат бойынша «дүкенді пайдалану үшін» беріліп, ал шын мәнінде сән салоны ретінде пайдаланылса, уәкілетті орган кәсіпкерді жер учаскесін нысаналы мақсатына сай қолданбағаны үшін әкімшілік жауапқа тартады.

«Бұл жағдайда «дүкен» және «сән салоны» коммерциялық бағыттың нысаны және бір функциялық аймаққа, яғни Жер кодексіне сай «коммерциялық» аймаққа жатады, нысаналы мақсатын жерге құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттарында өзгерту талап етілмейді. Демек, әкімшілік жауапкершілік те болмауы керек», ­– деп түсіндірді Аспена Досмағанова.

Осыған байланысты «Атамекен» бастамасымен Ұлттық экономика министрлігінің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында Жер кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне тиісті түзетулер қарастарылған.

Департамент директоры атап өткендей, аталған түзетулерге сәйкес, елді мекенде әкімшілік жауапкершілік жер учаскесін функциялық аймағына сай емес қолданғанда ғана қарастырылған. Мысалы, «жеке тұрғын үйге пайдалану» нысаналы мақсатымен берілген жер учаскесі (тұрғын үй функциялық аймағы) дүкен үшін пайдаланылса, онда әкімшілік жауапқа тартылады.

«Заң жобасын қабылдағанға дейін, кәсіпкерлік субъектілерін жер учаскесін нысаналы мақсатына қарамай пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке негізсіз жауапқа тарту деректері орын алмас үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті  жергілікті атқарушы органдарға тиісті түсініктеме жолдады», ­– деп тұжырымдады Аспена Досмағанова.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің түсініктемесі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер