«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

«Алтын Сапа» сыйлығын алу үшін не істеу керек?

2018 жылғы 15 Наурыз
11145 просмотров

2015 жылы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алғаш рет ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауын ұйымдастырды

Бұл байқаулардың мақсаты қандай? Танысу үшін іс-шаралар мазмұнына үңілейік.

Өтінімдерді қабылдау қалай жүреді

«Атамекен» ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын алу байқауы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына өтінім қабылдау басталғанын хабарлады.

Айта кетелік, аталған байқаулардың ресми ұйымдастырушысы Жарлыққа сәйкес 2015 жылдан бастап «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып табылады. Байқаудың басты мақсаты – отандық өндірушіні қолдау, отандық тауар мен қызмет сапасының жоғарылауына, сондай-ақ отандық өндірушілердің бәсекелік қабілеті мен сапа идеясы танымалдығының артуына ықпал ету. Кеңінен қарайтын болсақ, бұл байқаулар компания ішіндегі жұмысты құрылымдап және жүйелендіруге, жетілдіру үдерісін бастауға жол ашады.

 «Алтын Сапа» күрделі әрі  нысандандырылған байқау болғандықтан барлық бағалау таза өзіне-өзі есеп беру мен компаниялардың жауапкершілігіне негізделген.

 Шартты түрде байқауды кезеңдерге бөліге болады. Байқау өтінімдерді қабылдауды жарияланған уақыттан бастап іске асады. 2018 жылы өтінімдерді қабылдау науқаны 20 ақпаннан басталды. Байқауға өтінім мен материалдарды қабылдау Ұлттық палатаның Өңірлік кәсіпкерлер палаталарында (ӨКП) 1 шілдеге дейін жалғасады.

Әр компания үшін байқаудың бұл кезеңі айтарлықтай маңызды болып табылады, өйткені өтінім түскеннен бастап компания әлеуеті бағалана бастайды. Байқауға қатысу мақсатында ынталы  кәсіпкерлер www.altynsapa.kz сайты арқылы өтінімді электронды түрде немесе ӨКП-ға қағаз түрінде 1 шілдеге дейін жолдауы керек.

 Өтініммен бірге құжат топтамасы қоса тапсырылады: толтырылған сауалнама-декларация, байқау қатысушысының өз қызметін бағалаудың өзіндік деңгейі мен сапа саласындағы нақты нәтижелерді білдіретін есебі (А4 форматында 38 беттен аспауы тиіс), есеппен қоса берілетін қосымша (диаграммалар, графикалар, кестелер мен құжат көшірмелері – А4 форматында 30 беттен артық емес), байқау ұйымдастырушы белгілеген нысан бойынша критерийлік индикаторлар негізінде бекітілген сапа саласында байқау қатысушысының өз қызметін бағалауды бойынша сауалнамасы, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік көшірмесі немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеу) туралы анықтамасы және менеджмент жүйесі негізіндегі сертификаттар көшірмесі.

Айлайда, бұл толық тізім емес, өтінім аталған құжаттардан бөлек қатысушы қызметі жайында қысқа  шолу қоса беріледі. А4 форматында көлемі 6 беттен аспайтын (компания тарихы, шығарылатын негізгі өнім (қызмет) сипаттамасы) ұйымдастырушы құрылымы, өнім (қызмет) сапасына деген негізгі талаптар, өнімді немесе қызмет түрлерін өткізетін негізгі нарықтар туралы ақпарат (өңірлік, республикалық, халықаралық), өнімнің негізгі тұтынушылары жайында сипаттама, сонымпен қатар қатысушы жайында маңызды болып саналатын барлық ақпарат қажет етіледі.

  Осы ретте айта кетерлігі өтінім толтыруда ешқандай шектеу жоқ, демек қатысушы алдында өтінім толтыруда еркіндік берілген. Өткен жылдар тәжірибесі көрсеткендей дәл осы мүмкіндік сәттілікке жол ашады, аталған құжаттарды рәсмдеу компания және басшысы жайында көп мағлұмат береді.
 

Құжат тізбегі осымен бітпейді, тағы 9 критерий бойынша сыйақы үлгісіне және 32 компонентіне сәйкес екі топта өзін-өзі бағалау критерийлері сипатталады:

 Бірінші топ «Мүмкіндіктер» – ұйым сапа саласында нәтижеге қалай қол жеткізеді, ол үшін қандай шарттар жасалады. Критерийлер: көшбасшылық, стратегия, қызметкерлер, серіктестік пен ресурстар, үдеріс, өнім мен қызметтер.

 Екінші топ «Нәтижелер» – компания неге қол жеткізді, келесі межесі қандай осы бағытты сипаттайды. Критерийлер: тұтынушыға арналған нәтиже, қызметкерлерге арналған нәтиже, қоғам үшін жеткен нәтиже, бизнес үшін қол жеткен нәтиже.

 Екі топ та әр критерийге берілетін балл негізінде бағаланады. Иә, барлығы оңай емес, алайда мұндай шаралар жобаға ашықтық береді.

 Осы критерийлерді әзірлеушілердің айтуынша бұл үдеріс комапнияның өзіне көрсеткіштерін реттеуге көмектеседі. Байқауға қатысушылар мен олар тапсырған құжаттар, есептерді бағалау мақсатында сарапшылар тізілімі құрылған. Тізілімге қосылғысы келетіндер өтінімдері және қажетті құжаттарын www.altynsapa.kz сайтына жібере алады.

Осылайша байқаудың кез келген қатысушысы әлеуетті сарапшылар тізбесін және олардың кәсіби деңгейін  көре алады. Келесі кезеңде – іріктеуден өткендердің және байқау материалдарын бағалауын жүзеге асыратындар тізбесі шығады. Бұл бағалаудың сапасын арттырады, нәтижесінде іріктелген сарапшылар өзедірінің кәсіби деңгейі бойынша белгілі бір кезеңдерден өтеді. Сәйкесінше байқауға жалпыға ортақ сапа менеджменті принциптерін енгізу арқылы тұтынушыға қарай ұмтылатын компаниялар қатысады.

Айта кетелік, «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палаталары базасында жаңадан қосылған кәсіпорындарға арнап кәсіпорын қызметін өзін-өзі бағалау бойынша семинарлар жүргізеді. Сондықтан байқау материалдарын тапсырмас бұрын әлеуетті қатысушылар – кәсіпорындар байқау критерийлері жайында толық ақпартты алып, оны қалай жасау керек жөнінде шешім қабылдай алады.

Ары қарай, барлық өтінімдер жиналған соң, жасақталған сарапшылық топ өтімдерді бағыттар бойынша бөліп, бағалауға көшеді. Айта кетелік, сарапшылық топтың барлық қатысушылары әртүрлі сала мамандары, сондықтан бағалау жұмысы түнгі уақытта жүргізіледі. Бағалау жүргізу орны мен құжаттардың құпиялылығын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қамтамасыз етеді. Сарапшылар құжаттарды жабық орында бағалайды, оларды көшіріп басу, жазба жасау және оларды сыртқа шығаруға қатаң  тиым салынған.

Сарапшылар атқарған жұмыс нәтижесінде байқау финалистері анықталады: 4 аталым бойынша 3 кәсіпорыннан, осы ретте 3 категория бойынша, барлығы – 36 компания. Бұған қоса арнайы сыйлықтар бойынша тағы 4 финалист қосылады. 

 Осы кезеңде өтінімді дұрыс жібермеген компаниялар байқаудан шығады, өз кезегінде «Атамекен» сарапшылары байқау туралы ақпаратты барлық кезеңде беріп отырады.

 Жинақталған құжаттар топтамасы тексеру мақсатында құқық қорғау органдарына жөнелтіледі: кәсіпорынның қаржылық тазалығы, қарыздары мен берешектерінің жоғы тексеріледі.

Құқық қорғау органдарында тексеруден өткен өтінімдер қайтадан сарапшылық топқа түседі, олар өздері қойған балдарды қайта қарайды немесе бекітеді. Соңғы құжат топтамасын мақұлдау мақсатында ҚР Президенті Әкімшілігіне жолданады. Жеңімпаздар аттары Елбасы қатысуымен дәстүрлі түрде жыл соңында өтетін салтанатты марапаттауда айтылады.

Байқай қатысушыларына арналған тағы бір мүмкіндік, егер кәсіпорын лаурет немесе жүлдегер атанбаса да, құжаттарды жинау кәсіпорынға өз жұмысын қайта қарауға, ары қарай жетілуге мүмкіндік бермек. Сонымен қатар осындай байқауға қатысудың өзі жарнамалық әсер етеді: жүлдегерлер мен лауреаттар туралы ақпарат БАҚ көздеріне: телевизия, баспа басылымдар, әлеуметтік желілерге жарияланады

 

Байқаулардың айырмашылықтары

Байқауларды ұйымдастыру мен өткізу процедураларын жетілдіру мақсатында 2017 жылдың 24 қарашасында Жарғыға өзгертулер енгізілді. Биылғы 2018 жылдың байқауы соңғы өзгертулерге сай өтеді. «Алтын сапа» байқауына жаңадан ауыл шаруашылығы мен тағам өнімдерінің өндірісі саласына арналған төртінші аталым енгізілді. Сонымен қатар «Үздік индустриялық жоба», «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлығы бекітілді. 

Сәйкесінше сыйлықтар категорияларға шағын кәсіпкерлік субъектісіне, орта кәсіпкерлік субъектісіне және ірі кәсіпкерлік субъектісіне төрт аталым бойынша беріледі:

•    «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;
•    «Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын»;
•    «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын»;
•    «Азық-түлік тауарлары және /немесе ауылшаруашылық өнімдерін шығарушы үздік кәсіпорын».

Жоғарыда айтылғандай, Комисся құрамына да өзгерістер енгізілді. Яғни ауыл шаурашылғы және тамақ  өнеркәсібі өңдеу заңды тұлғаларын бірлестігінен бір өкілден қосылды.

Комиссиялар атаулары ерекшеленді: енді  ҚР Президентінің Аппараты жанындағы Комиссия өз атауын қалдырды, ал ҰКП мен ӨКП Комиссиясы сарапшылық топттар деп өзгертілді. Жұмыс органы ретінде «Атамекен» көшбасшыларды іріктеудің ашықтығы сондай-ақ, құзыретті және қоғамдық адамдардың  бағалау жауапкершілігі мен кәсібилігінің арттыру мақсатында сарапшылардың электронды тізілімін жүргізетін болады.

Сонымен қатар биыл кәсіпорындарды байқауға қатысуға ынталандыру үшін «Алтын сапа» лауреаттарына 1 млн теңге көлемінде сыйақы қарастырылып отыр. Бұл сыйақы халықаралық байқауларға қатысуға ынталандырмақ.

Тағы бір ерекшелік,  «Алтын сапа» байқауы енді төрт кезеңнен тұратын болады. Байқаудың жаңа кезеңде кәсіпорынға білікті сарапшылар барып сынақ жұмыстарын жүргізеді, сәйкесінше сарапшылар жауапкершілігінің деңгейі артпақ. Осы ретте сарапшылар  финалға жолдама алған кәсіпорындарды ғана тексеретін болады (40 кәсіпорын: 3 финалист негізгі аталымдар бойынша және 2 финалист арнайы аталым бойынша).

 Айта кетелік, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауындағы жаңашылдықтар: Өңірлік кезеңде байқауларды жергілікті әкімдіктер қаржыландырады. Жеңімпаздарды дәреже бойынша бөлу алынып тасталды. Өйткені жеңіске жеткен тауарлар әр түрлі топқа жатады, олардың тұтынушылық сипаты екі жақта да жоғары деңгейде болады. Енді үш аталымда үш тең дәрежеде жеңімпаз болады.

 Биыл байқауға қосымша кезең енгізіледі – бұл қоғамдық онлайн дауыс беру. Онлайн даус беруге 27 финалист мына аталымдар бойынша іріктеледі:

 •    «Өндірісітік мақсаттағы үздік тауар»;
•    «Халыққа арналған үздік тауар»;
•    «Үздік азық-түлік тауары.

Қосымша дипломант атауын беру алынып тасталды. Енді онлайн дауыс беруден, толық бағалау мен сарапшылық қорытындыдан өткен финалистер ғана ҚР Президенті Әкімшілігі жанынан құрылған атақ тағайындау бойынша Комиссия қарауына жіберіледі.   

Айта кетелік, ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын беру мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысуға ниетті кәсіпкерлер 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін Өңірлік кәсіпкерлер палаталарына өтінім беріп немесе www.altynsapa.kz сайтына электронды өтінім беруі керек.  

«Алтын сапа» байқауында осыған дейін республиканың 1900 кәсіпорны қатысты, оның ішінде 100 компания Мемлекет басшысы қолынан сыйлықты алды.

 «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына осыған дейін 6500 компания қатысты. Олардың ішінен 133 компания дипломант атанды. «Алтын сапа» байқауы лауреаттары мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының дипломанттары байқау белгісін жарнамалаық мақсатта төрт жылға дейін қолдану құқығына ие болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер