«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайлық меценаттар клубы науқас балаға көмек көрсетті

2018 жылғы 05 Сәуір
- Қостанай облысы
5735 просмотров

Қамқорлық

Кішкентай Әнел Жұмабаева сал ауруына шалдыққан. Өзінің небәрі 4 жас 8 айында бала көп жетістікке жеткен: өз бетінше отырып, еңбектеп, сөйлеуді үйренді. Оның анасы Гауһар қызының біреудің сүймелдеуінсіз жүріп кетуін армандайды. Жуырда бұл арман жүзеге аса бастады – қостанайлық меценаттар клубы «Атамекенім» акциясы аясында қыз баланың Ресей Федерациясы Челябі облысындағы «Сакура» оңалту орталығына ем алу курсына ақша бөлді.

«Мен ғажайыпқа сенемін. Әнелім аяққа тұрып кетуіне сенемін. Біреудің қайғысына немқұрайды қарамай қол ұшын созған жандар барына қуанып отырмын, олар да мен сияқты жеңіске сеніп, маған көмектесіп отыр», – деді Гауһар Жұмабаева.

Гауһар Жұмабаева өмірінің мәні – қызының денсаулығы үшін күрес. Әнел мерзімінен бұрын туып, өте әлсіз болды. Бала төрт тәулік бойы бала тыныс алу аппараты арқылы дем алған.  Гауһар нәрестенің жетілуі кем болатынын түсінді, алайды сал ауруы диагнозын балапанға тек 6 айында қойған. Сонымен қатар Әнелдің көзі өте нашар көретіні де анықталды.  

Қайсар әйел үміт үзбеді, ауруханалар мен оңалту орталықтарын іздеп, интернет арқылы осындай балалары бар басқа аналармен тілдесті, ақыл-кеңес сұрады. Бірақ уақыт өте ана қызын аяққа тұрғызу үшін көп қаржы керек екенін түсінді.

 Гауһарда ондай қаражат жоқ. Қызының ауруын естіген әке отбасын тастап кетеді. Ол Әнелмен кездеспек тұрмақ, алимент төлемейді. Гауһардың өзі музейде әдіскер болып жұмыс істейді, еңбекақысы 60 000 теңгені құрайды. Ал бала күтіміне арналған жәрдемақы айдан айға күнелтуге ғана жетеді. Өз күшінің азын білген Гауһар, түрлі орталықтардан көмек сұрай бастайды.  

Қостанайлық меценаттар клубы Гауһар Жиенбаева өтініміне жауап берді. Әнел Челябі қаласындағы «Сакура» оңалту емханасынан 2017 жылдың шілде және қазан айларында 2 курс ем алды. Нәтиже күткеннен де жақсы болды.

 «Күзде қызым тұтас сөйлем құрып, сөйлей бастады. Содан соң Әнел еңбектеуге әрекет еткенін байқадым»,– дейді Гауһар.

 Гауһар қызы қоршаған ортаны көрсе екен деп тіледі. Санк-Петербургта Әнелге қажетті ота жасалатыны жайында анасы естіген. Содан кейін әйел ақша жинауға білек сыбана кіріседі,әлеуметтік желілерге хабарлама таратып, ұйымдарға хат жолдайды.

 Бүгінде Әнел көзі көреді, көру қабілеті 100 пайыз болмаса да балапан кісілер мен заттарды ажырата алады.

 Гауһар алдына тағы мақсат қойды – Әнел өздігінен жүріп кетуі үшін барын салу.

 «Сакура» емханасында Әнел сынды балалар өздігінен жүріп кеткенін көрдім. Менде үміт сәулесі пайда болды. Сондықтан мен оңалтудың үшінші курсына ақша жинай бастадым. Бізге тағы көмек көрсетілетініне сенбедім. Меценаттар клубына алғысым шексіз. Бұл асыл жандар!», – деді қуанышты ана.

 Анасы мен қызы Челябі емханасына сәуір аяғында барады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер