Меценаттар клубы Қостанайдағы 39 тұрғынға ақшалай сый жасады
7 сәуірде Қостанайдағы Меценаттар клубы ғылым, өнер, журналистика, білім беру және мәдениет саласындағы үздіктерді ынталандыру мақсатында 18-рет бас қосты. Тұрақты түрде берілетін 12 аталымның қатары биыл «спортпен» толықты.
Аталым қатары ғана емес, қатысушылардың тізімі де жыл өткен сайын өсіп келеді әрі сыйлықтың танымалдылығы да артып отыр. Биыл меценаттар үздіктерді 150 үміткердің арасынан іріктеді.
«Осы 18 жылда меценаттардың 90% сақталып келе жатқаны қуантады, – деді облыс әкімі Архимед Мұхамедов. – Жаңа кәсіпкерлер да қатарға қосылды, олар әлеуметтік-бағыттандырылған бизнестің не екенін түсінеді. Меценаттар клубы дарындыларды ынталандырып қана қоймай, адам өміріне де араша түсіп келеді – ауыр дертке шалдыққан балалардың елімізде де, шет елде де операция жасауына қаражат бөліп отыр. Бұл нағыз патриотизм!».
Облыс әкімі сыйлықты бірінші лаурет – Эстрада және джаз музыкасы муниципалды орекстрінің жетекшісі Александр Евсюкке табыстады. «Шығармашылық ұжым жетекшісі» аталымының жеңімпазы «әп-сетте миллионер атанғанына қуанышты» екенін жасырмады. Еске салсақ, «Қазына» сыйақысының көлімі – 1000 000 теңге, ал «Шабыт» аталымына 500 000 теңге бөлінген. 18 жыл ішінде жалпы сомасы 226 млн теңге болатын 448 сыйақы берілген.
«Меценат – жанның қалауы, көңілдің күйі. Біздің жерімізде дарындылар көп. Оларға қолдау көрсету керек!» – деді «Милх» ЖШС директоры Сергей Блок.
Лауреаттар да қарап қалмады. Суретші Николай Торшин Меценаттар клубының төрағасы Василий Розинге картинасын сыйға тартты. Енді суретшінің еңбегі Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасына сән беріп тұрады.
Ал «Время» газітінің меншікті тілшісі Стас Киселев үшін арнайы сый алудың өзі ерекше мәнге ие.
«Бұл сыйлықтың маңызы өте зор. Себебі бұл өзіміздікі, туған жердікі. Бұрындары республикалық, халықаралық байқаулардан жүлде алып келдім, өз жерімде мұндай болмаған еді. Бүгінде осы жетістікке жеттім, қуаныштымын!» – дейді Сергей Киселев.
Меценеттар жаңа «Спорт» аталымына Виталия Пухкалоның жеке жаттықтырушысы Виктор Завялов пен Анастасия Крестованың жаттықтырушысы Николай Федоренконы лайықты деп таныды. Сонымен қатар сыйлық ҚР грек-рим күресі бойынша спорт шебері, ұлттық құраманың мүшесі Талғат Жиентав пен шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ұлттық құраманың мүшесі Анастасия Крестоваға да табысталды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: