«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

minagro.kz порталының тиімсіз жұмысы кәсіпкерлерге кедергі келтіруде

2018 жылғы 02 Мамыр
- Қостанай облысы
7396 просмотров

Түйткілді мәселе

«Субсидия алуға электронды өтінім беру – шымшытырық. Кім шешімін табады, сол алады. Ал кім шеше алмаса, құр қалады», – деп 28 сәуір күні өткен Қостанай облысы Кәсіпкерлерді қорғау кеңесінің жиыны барысында Федеров ауданындағы шаруа қожалығының басшысы Юрий Малышко minagro.kz  веб-порталы жұмысына баға берді.

Кәсіпкер аталған сервис – портал жұмысының олқылығы салдарынан өтінімін рәсімдей алмаған.  

«Кәсіпкерлер берген ақпаратқа сүйенсек, көлемі 300 гектар болатын жер учаскесі жер кадастры деректер базасында 0,2 гектар деп аз көлемде көрсетілген, сонымен қатар бұл базада жер учаскілердің жартысы жоқ, өйткені 2003 жылға дейін  мемлекеттік актілер географиялық координаттарды растаумен жердегі шекаралары белгіленбей берілген», – деді Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Теңіз Қабақов.  

 Осындай жағдай орын алмас үшін әкімдіктер ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жаңа үлгідегі жер актілерін алуға кеңес береді. Ал бұл процедура қосымша шығын әкеледі. Жер кадастры талап ететін жерге орналасытру жобасы кәсіпкер қалтасын 80 000 мың теңгеге қағады. Осы ретте Мемлекет қызметінің стандарты жерге орналастыру жобасын қарастырмайды.

Тағы бір мәселе – қарапайым серіктестер үшін субсидияға өтінім беру қол жетімсіз.

«Аудан басшылары шаруа қожалықтарын біріктіру бойынша үлкен жұмысты жүргізді. Нәтижесінде Федеров ауданындағы 300-ден астам қожалықтан 70 ірі қожалық құрылды. Олардың барлығы тура осындай мәселеге тап болды – БИН бойынша өтінім қабылданбайды», – деді Юрий Малышко.

 Қостанай облысы Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Владимир Шакунның айтуынша, жергілікті жерде атқарылып жатқан саясатқа кереғар әрекет жасалуда. Кеңес төрағасы аталған мәселені орталық деңгейде – ҰКП, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен мүдделі тараптар назарына беруді ұсынды.

 Актілерді ауыстыру мәселесі бойынша талдау жүргізу үшін Қостанай облысы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қиымл агенттігі департаментіне хат жолданды.

 «Бұл жағдай Кәсіпкерлердің түйіткілді мәселелер тізіліміне енгізілді», – деді Қостанай ӨКП директоры Мұрат Әбенов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер