«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

«Бастаудың» үш жүзге жуық түлегі Қостанайда кәсіп ашқан

2018 жылғы 18 Мамыр
- Қостанай облысы
8079 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Қостанай облысына барған жұмыс сапары барысында өз кәсібін ашқан «Бастаудың» 2017 жылғы түлектерімен танысты.

Таныстырылған жобалардың бірі – Рудный қаласында түйе шаруашылығын жүргізу мен шұбат өндірісі. Идеяның иесі Алмат Нұрмаханов 5 түйе, құрылыс материалдары және тоңазытқыш жабдығын сатып алу мақсатында «Атамекен Қостанай» шағын несиелеу ұйымынан 4 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алады.

 Шұбатты өткізу бойынша мәселе жоқ, өйткені әзірге бәсекелестер байқалмайды. Бастауыш кәсіпкердің иедеялары көп, оның бірі – Алматы облысына түйе жүнін тасымалдау.

Қостанай ауданының тұрғыны Андрей Зедескийдің көзі нашар көреді, алайда бұл дерт оған бизнес негіздерін игеріп, қоқыс өңдеу бойынша цех ашуға кедергі болмады.

Өндіріс қуаттылығы әзірге үлкен емес, тәулігіне 100 кг полимер шығарылады. Алайда бизнесмен осымен тоқтамай, зағип жандарға арнап тактильді тақта өндіруді қолға алмақ. Қазіргі таңда кәсіпкер қаржы көздерін іздеп жатыр.

 Бастаудың тағы бір түлегі – Бибігүл Шитінбаева. Ауыл мектебінің мұғалімі бүгінде сүтті бағыттағы ірі қара мал басын көбейтіп жатыр, 6 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несиеге ол 20 бас сиыр сатып алды. Жоспарда төл басын екі есеге ұлғайту.

Кездесу барысында «Атамекен» басшысына сүт өнідмері, жапон деликатестері, шұжық өнімдері, ұлттық бұйымдар мен киіз үй өндірісі бойынша бірқатар жобалар таныстырылды.

 «Бастау» жобасы бойынша бизнес негіздерін оқығандар енді тәжірибе жүзінде білімдерін шындап, жеке кәсіп ашып, кәсіпкер атануда. Былтыр Қостанай облысының өзінде 300-ге жуық адам кәсіп ашса, биыл 2 мың адам кәсіпкер болады деп күтілуде.

«Мемлекет басшысы «Бастау» жобасы бойынша «Атамекеннің» бастамасын қолдады. Биыл шағын несиелеу бойынша қаржыландыру ұлғайған. Қостанай облысы әкімдігінің бұл бағыттағы ұстанымы да айқын: жұмыс пайдалы. Сондықтан оны қолдау керек», – деді Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер