«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайда өндірілетін нан, картоп және минералды су үздік атануға бақ сынайды

2018 жылғы 31 Мамыр
- Қостанай облысы
4155 просмотров

31 мамырда Қостанайда «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына қатысушылар үшін семинар өтті. Биыл нарыққа танымал кәсіпкерлер ғана емес, жаңадан қосылғандар да бақ сынамақ

«Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқаулары – республикалық деңгейде мойындау, – деді семинарды ашқан Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов. – Кәсіпорын пайдалана алатын жеңімпаз белгісі өнімның танымалдылығын арттырып, нарыққа сенімді шығаруға септігін тигізеді. Тауары инновациялық деңгейде болса, шағын кәсіпорынның жеңуіне де мүмкіндік бар».

«Искра» шаруа қожалығының басшысы Құдайберген Бисимбаев өзі өсіретін картопты ерекше деп есептейді. Биыл селекция арқылы құрамында қанты аз картоп өсірді. Мұның денсаулыққа пайдасы зор, тіпті диабетпен ауыратындар да пайдалана алады.

«Қазақстанның үздік тауары» байқауына алғаш рет қатысып отырғандардың қатарында Таранов ауданының тұрғыны Наталья Ержанова да бар.

«Ірімшік қайнататын отбасылық фермерміз. Жұмысты жақында бастадық. Өндірісіміз де үлкен емес, бірақ кеңейтеміз деп жоспарлап отырмыз».

Жыл сайын өтінім беріп, байқауға қатысып келе жатқандардың қатарында «Одақ» ЖШС атауға болады. «Ұмай» брендімен минералды су шығаратын кәсіпорын биыл бесінші рет талпынып отыр.

«Бұл олимпиадалық ойын сияқты, көбірек қатысқан сайын жеңіске деген мүмкіндігің арта түседі», – дейді «Атамекен» ҚР ҰКП сарапшысы, семинарды өткізген Мадина Мұқатова. – Осы қалыптарыңыздан таймаңыздар!».

Карагулина ЖК нарыққа шыққанына 18 жыл болды. Нан-тоқаш және кондитерлік өнім дайындайтын кәсіпорын 2015 жылы «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысқан. 2 жылда өзгеріс көп – кәсіпкер өнім сұрыпталымын арттырып, HACCP азық түлік қауіпсіздігі жүйесін енгізген.

«Біздегі нан қара бидай ұнынан пісіріледі. Наубайхананың барлығы бірдей мұны қолға алмайды. Кепкен өрік, жаңғақ, қара өрік қосылған нан да пісіреміз. Балкүлшенің түр-түрі де біздің кәсіпорында дайындалады. Швейцария мен Францияның жабдығы қойылған», – дейді «Карагулина» ЖК технологы Елена Константинова.

«Атамекен» ҚР ҰКП сарапшысы Мадина Мұқатова қатысушыларға түсіндіріп өткендей, байқауда көп нәрсе кәсіпорынның өз өнімін қалай таныстырғанына байланысты. Құжаттарды дұрыс рәсімдеуден бастап, тауарды көрмеге қойғанға дейін мұқият болу керек.

Осы және өзге де жайттар семинар қатысушыларына егжей-тегжейлі түсіндірілді. Ал ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының иегерлері мен  «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының жеңімпаздары желтоқсан айында белгілі болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер