«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайлық диқандар қосымша құн салығы мәселесін көтеруде

2018 жылғы 11 Маусым
- Қостанай облысы
5900 просмотров

Ұн өнімдері экспорттауда қосымша құн салығын уақытында қайтару мәселесі «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында өткен жиын барысында көтерілді. Талқылауға ұн тартушы кәсіпорындар, «Атамекен» ҰКП, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қатысты.

Қосымша құн салығын қайтарудағы сарсаң – бүгін туындаған мәселе емес, тек ұн тарту өндірісі ауыр кезеңге тап болған соң жағдай күрделене түсті. Бизнесмендер айлар бойы, тіпті одан да көп уақыт ҚҚС-ті қайтаруды күтеді. Кешіктірудің себебі – салық қызметкерлерінің тексерулері болып отыр, соның салдарынан ауылшаруашылық өндірушілері бірнеше контрагенттердің салықтық адалдығын растауға тиіс.

 «Жалпыға ортақ жүйелі мәселелер бар. Әрине әріптестерді байыппен таңдайуымыз керек. Алайда біз таңдамайтын да буын бар, олар – көлікшілер. Міне, көлікші-тасымалдаушылар бойынша қайтару орындалмай отыр», – деді Қазақстан астық өңдеу одағының басшысы Евгений Ган.

 «AVEST GROUP» ЖШС директоры Алексей Третьяктың айтуынша, бұл мәселені Мемелкеттік кірісітер комитетімен өткен жиындарда бірнеше рет көтерілген, алайда нәтиже жоқ.  

 «Қайтармаудың себебі әркез түрлі болып отыр. Кедендік мәселелелер, не жеткізушілер кідірген... Осының бәрі бізбен ойнап жүргендей сынай байқатады. Біреуі болмаса, екінші әдісті қолдаң. Біз үнемі таныс емес адамдармен телефон арқылы сөйлесуге, оларды тексеруге мәжбүрміз. Егер барлығы заңды жасалса, мына орын алып отырған не әуре-сарсаң? Әдетте жалған кәсіпкерлерді іздейді, ал ондайлар жоқ», – деді Алексей Третьяк.

 ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетеінің ҚҚС-ты әкімшіліктендіру басқарамасының жетекшісі Ерлан Сағынаев салық органдарына жасалып отырған айыптатулар негізсіз деп санайды, өйткені салық қызметкері заң жүзінде қатаң жұмыс істейді.

 «Бүгінгі талқылау нәтижелі өтуі үшін кәсіпорнадарға өздері тап болған нақты мәселлер мен бұзышулықтар тізімін жасауды ұсынамын. Осы мәселені бір апта көлемінде шешуге тырысамын. Жуырда ҚҚС бойынша қайтару мерзімі 15 жұмыс күніне дейін қысқарады. 2020 жылдан бастап қайтару науқаны Қытай мемлекетіндегідей  5-ақ күнге созылауы мүмкін. Екі жыл күту ғана қалды», – деп ұсынды шенеунік.

 Третьяктың айтуынша астық саласы ҚҚС мәселесін шешпей, тағы 2 жыл күтсе, құрдымға кетеді. Өзбекстандағы бидай өндірушілердің қарқынды дамуы да үлкен кедергі болып отыр.

 «Өзбекстанда соңғы екі жыл ішінде 180 кәсіпорын құрылған! Бұл мемлекеттің және тасымалдаушылардың қолдауы арқылы болған жағдай. Барлық ұйымдар экспорт пен сала дамуына жұмыс істеп отыр», – деді Третьяк.  Евгений Ганның айтуынша осындай түйткілді мәселені шешуде Үкіметтің көмегі керек. Осы орайда ұсыныстар топтамасы әзірленіп жатыр.

    


Еншілес ұйымдар

Серіктестер