«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Салалық комитет сауданы көлеңкеден шығарудың жолдарын талқылады

2018 жылғы 23 Шілде
8135 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің отырысында шағын және орта бизнес тиімділігін арттыру және оны көлеңкеден шығарудың жүйелі шараларын дайындау таныстырылды

«CSI» ЖШС маманы Айдана Жақанованың айтуынша, шағын және орта бизнес сегментінде қолданылып отырған өзара іс-қимыл және қолдау жүйесі мемлекет мақсатына сай келмейді. Дүкен, сұлулық салоны, үй жанындағы тамақтану орындары мақсатты зерттеу нысандарына айналды. Көрсетілген зерттемелер шағын және орта бизнесті барынша заңдастыруға көмектеседі. Елдің жалпы ішкі өнімінде сауда саласының үлесі 16%, алайда соңғы үш жылда сала бойынша өндірімділік дамуының қарқыны бәсеңдеген.  

Бүгінде далалық зерттеудің нәтижесі бойынша Қазақстанда шағын және орта бизнестің бірыңғай базасы және икемді сараптамалық мәліметтер жоқ, сондай-ақ шағын бизнес ссубъектілерінің саны қызмет түріне сәйкес келмейді. Өз кезегінде осы салада жұмысқа орналасқандар саны айтарлықтай жоғары – 1,3 млн адам. Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметі бойынша көлеңкелі экономиканың үлесі 54%-ға жеткен. «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» қауымдастығы» ЗТБ мен «Атамекен» ҚР ҰКП  далалық зерттеу нәтижесі басқа сипатты берді.

Сараптамалық топ шағын және орта бизнестің бөлшек саудадағы 4 негізгі мәселесін анықтады:

- шағын және орта бизнесте көлеңкелі экономиканың үлесі жоғары;

- шағын және орта бизнесте бейресми (тіркелмеген) жұмысбастылық деңгейі жоғары;

- алкоголь мен импортталған тауарлардың заңсыз айналым көрсеткіші жоғары;

- POS/ERP/KKM жабдықтың қойылу деңгейі төмен.

Алайда мамандар мәселеге кешенді түрде кірісу шағын және орта бизнес бойынша салық түсімінің көлемін 3 есе арттыруға көмектесетінін атап өтті. кәсіпорынның көлеңкелі экономикадан шығуына және жұмысқа орналастыруды рәсімдеуге автоматтандыру көмектеседі.

«Автоматтандырылғаннан кейін 1 айдан соң біз айналым мен жалпы айырымның артуына қол жеткізе аламыз. Сонымен қатар бұл шағын және орта бизнес нысандарының шығынын 70%-ға дейін азайтады. Шағын бизнесті цифрландырудың жедел дамуы кәсіпкерлердің қауіптенгенімен шектеліп отыр. Салық артықшылықтары кәсіпкерді цифрландыруға өтуге ынталандыруы мүмкін», – дейді Айдана Жақанова.

Мысалы POS-терминал, ERP жүйесі мен онлайн ККМ болғанда кәсіпкр арнайы салық режимі бойынша бухгалтерлік есеп жүргізуден басатылады. Есепті қарапайым кіріс, шығыс және ҚҚС есебі алмастыралы. Қаржылық жоғары ауыртпалық бөлігінде шағын және орта бизнесті трансфертті баға белгіленуі бойынша бақылаудан босату ұсынылады, тек кей тауар санаты бойынша бақылау қалады. Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларына тиімді тарту үшін жиын барысында жергілікті атқарушы органдар мен орталық аппараттың инфрақұрылымын модернизациялау ұсынылды.

«Шағын және орта бизнестің бірыңғай базасын құру, мемлекеттік деңгейде шағын бизнесті дамыту, шағын бизнес үшін даму индикаторын орнату, даму бағдарламасын жасауды ұсынамыз», - дейді «CSI» ЖШС маманы.

Солтүстік Қазақстан облысы Өңірлік кеңесінің төрағасы Владимир Богданов цифрландырудан сөзсіз нәтиже болады, бірақ айналым қаржысы артпайды деп атап өтті.

«Баяндамашы цифрландырудан айналым мен айырым артады деп айтты. Бірақ айналым сұраныспен анықталады және цифрландырудың өзі осындай нәтижеге жеткізбейді. Бизнес көлеңкеден шығудан қорқады, мұның неге алып келетінін білмейді. Бағдарламада салық ауыртпалығына қатысты өте жақсы түзетулер бар, бұл көлеңкеден шығуды жеңілдетеді», – дейді Өңірлік кеңес төрағасы.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Дінмұхамед Әбсаттаров Қазақстанда салық есептілігін автоматты жүргізуді қамтамасыз ететін бағдарламаны жасаған компаниялар бар екенін атап өтті.

«Кәсіпкерлер өз қызметінің есебін жүргізетінімен келісемін. Бізге кешенді тәсілді дайындау үшін көлеңкелі сауда қатысушыларының барлығын анықтап, мәселені пысықтау қажет. Егер еуропалық тәжірибе мен заңға көз салсақ, онда «жұмсақ» тәртіппен қатар бизнеске қатаң талапты қатар қояды. осылайша жеңілдетеміз, бірақ бизнестің жауапкершілігі туралы көтермедік. Мемлекет пен бизнестің нақты диалогы осы процесті барынша ашық етуге мүмкіндік береді», – деп ұсыныс білдірді Дінмұхаммед Әбсаттаров.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» жаңа кодексі енгізілді. онда айтарлықтай маңызды өзгертулер мен түзетулер бар. Жиын барысында «Қазақстан тәуелсіз автобизнесі одағы» одақ ретіндегі ЗТБ мен ЖК төрағасы Тимур Жаркеновтің кодекстің жекелеген бабына қатысты ұсыныстары да талқыланды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер