«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай кәсіпкерлеріне көше саудасы үшін 15 жер телімі беріледі

2018 жылғы 25 Шілде
- Қостанай облысы
10524 просмотров

Қостанайда жеңілдетілген тәртіппен жер телімін алуға арналған «1000 сауда орны» жобасы басталды. Қазіргі таңда Қостанай қаласынан бизнеске жалға беруге арналған 15 нысан анықталж,ды. Орталық гүлзарда, «Шағала» жағалауында, Гашек көшесінің бойындағы жағалауда және «Kostanay Plaza» сауда-сауық орталығының маңынан арнайы орындар бөлінген.

«Жоба «Атамекен» ҚР ҰКП 7 бизнес-бастамасы аясында «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп іске асырылып отыр. Жер телімін бөлу процесі ашық болады», – дейді Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ақтанәлі Исмаилов.

Кәсіпкерлер жерді қысқа уақыт ішінде аз құжат топтамасымен ала алады. Жер телімі 8 тамызда өтетін аукцион арқылы бөлінеді. Қатысу үшін 24 шілде мен 7 тамыз аралығында Қостанай қаласы Дулатов көшесі, 68 («Тобыл» ӘКК) мекенжайына өтінім беру керек.

Еске салсақ, «1000 сауда орны» жобасы Астана қаласында сәтті іске асырылған. Биыл сәуір айында «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев осы жобаны барлық өңірде қолға алуды ұсынған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер