«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Көше саудасына арналған жер учаскілері аукцион арқылы бөлінді

2018 жылғы 08 Тамыз
- Қостанай облысы
5613 просмотров

8 тамыз күні Қостанайда «1000 сауда орны» бағдарламасы бойынша алғашқы 15 жер учаскесі бөлінді.

Ең «қымбат» жер учаскесі «Kostanay Plaza» сауда – ойын-сауық орталығы маңындағы жер болып шықты. Телім аукционда бастапқы бағадан үш есе арзан, жылына 1 170 000 теңгеге өтті.

Естеріңізге салсақ, бұл бағдарлама тұрақты емес сауда жасауға арналған жер учаскесін жалға алам деуші кәсіпкерлерге жеңілдік жасау мақсатында  «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолға алған болатын. Бұрын аталмыш процесс көп айға созылып, ауқымды құжат топтамасын жинауды талап ететін.

«1000 сауда орын» жобасының пайда болуымен барлық процедура оңай орындалатын болды. Қостанай кескіннде қарастыратын болсақ, сызба мынадай: «Тобол» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация жерлерді жалға алып, оларды рәсімдеп, ары қарай суб жалдау бойынша кәсіпкерлерге аукцион арқылы жалға береді. Яғни кәсіпкер, аукционнан жер алып, келісімшартқа қол қояды да келесі күні-ақ кәсібін аша алады.

 «Аукцион ағылшын әдісі бойынша өтті. Шаршы метр үшін бастапқы баға 12 000 теңгеден басталды. Аукцион барысында кәсіпкерлер өз бағасын ұсынып, бағаны көтеріп отырды. Ең жоғары баға – 1 170 000 теңге болды, осы қаражатқа плаза алдындағы жер бағаланды», – деді ӨКП бөлім бастығы Геннадий Кукоба.

 Қалған учаскелер (Орталық саябақ және Қостанайдағы жағалаудағы жерлер) кәсіпкерлерге – 144 000 ден 500 000-600 000 теңгеге дейін арзанға түсті.

Жақын арада осы жерлерде велосипедтерді жалға беру орталықтары және азық-түлік дүңгершіктері пайда болады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер