«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Кәсіпорындар мамандарды өздері дайындайды

2018 жылғы 13 Тамыз
- Қостанай облысы
5392 просмотров

Кейде білікті маманды табу қиынға соғып жатады. Осындай мәселе кез келген кәсіпорында бар.

«СарыарқаАвтоПром» ЖШС және «АгромашХолдинг» АҚ бұл мәселені түбегейлі шешті: олар кәсіби мамандарды өздері дайындайды. Кәсіпорын өндірістен ұзамай, қызметкерді қысқа мерзімде оқыту бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен ұсынылған идеяны былтыр қолға алып жүргізіп келеді.

Қостанайлық авто зауытта сирек кездесетін мамандықтар: автокөлік бояушылар, механикалық жинау жұмыстарының слесарі, машиналарда контакт (престі) дәнекерлеушілерді дайындайды. Мұндай оқу орталықтардың бірден бір артықшылығы – кез келген уақытта теориядан бірден практикаға өтуге болады, егер әдетте оқулықтардағы жаттығулар тәжірибемен сәйкес келмей жатса, мұнда нақты өндіріс процесі ұсынылады. Оқу орталығынан түлек емес толыққанды тәжірибелі маман шығады.

«СарыаркаАвтоПром» ЖШС баспасөз қызметінің ақпараты бойынша бүгінгі таңда 30-дан астам адам емтихандарды үздік тапсырып, тиесілі мамандықтар мен разрядтарды алған.

 «Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен ұсынылған өндірісте оқыту жақсы нәтиже беріп те үлгерді. Күзде екінші лекті жоспарлап отырмыз. Үздік түлектерді зауытта қалдырамыз, басқаларға жұмысқа орналасуға көмектесеміз», – деді «СарыаркаАвтоПром ЖШС Оқу орталығының жетекшісі Людмила Олкинян.

 Үздік түлектердің бірі Ольга Сухоносенконы бірден бояу цехына жұмысқа шақырды.

 «Бұрын құрылыста әрлеуші, бояушы болып жұмыс істедім. Зауыт қызметкерлерге іріктеу жариялап, оқытып жатқанын естіп, бірден өтінім бердім», – деді Ольга.

 Ольганың таңдауы мұнда да алдыңғы машықтары кәдеге асады деген оймен бояуға түсті, алайда барлығын басынан үйрену керек болды. Қабырға мен автокөлік арасында айырмашылық жер мен көктей болдф. Ольга ынтамен жаңа білімді игерді де 3 ай ішінде дайын маман болып шықты.

 «Тәжірибе, тәжірибе және тәжірибе. Егер түсініксіз болыпп жатса, бірден өндіріс барысында көрсетеді, түсіндіреді, өзің істеп көресің, шебер Сапар Жұмағұловтың кеңестерін тыңдайсың», – деді Ольга Сухоносенко.

 Ресми жұмысқа тұрған соң Ольга «жаңа» ұжыммен танысып жатпады да бірден жұмысқа кірісіп кетті.  Мұнда барлығы көңілден шықты – адамдары да, еңбек шарттары да, қызметкерлерге деген қатынас та жақсы.

 Қостанай облысында «СарыаркаАвтоПром» ЖШС мен «АгромашХолдинг» акционерлік қоғамы әзірге өндірісте оқу орындарын ашқан жалғыз кәсіпорындар. Дегенмен, бұл тәжірибе басқаларға жақсы үлгі. Жуырда басқа кәсіпорындар да бұл жобаны қолға алады деген ойдамыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер