«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға ІТ-компаниялар тартылады

2018 жылғы 25 Тамыз
- Алматы қаласы
6603 просмотров

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін жұмысқа ІТ-компанияларын тартуда. ІТ-кеңес отырысы аясында Алматы қаласы Ішкі істер департаменті мен бизнес арасында мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды шешу бойынша келесімдер жасалды.

 «Мемлекет пен бизнес ұйымдаса жұмыс істеуі керек. Қарасы қалың әлеуметтік бағдарламаларды бірге шешуіміз керек. Мәселен, тұрғындар 102 нөміріне хабарласу мүмкін емес деп шағым айтуда. Сондай-ақ, «Қауіпсіз аула», «Смарт сити» және басқа жобалары да, оларды жүзеге асыруға отандық компаниялар тартылу керек. Біз жасанды интеллекті қолданумен қиын жобаларды жүзеге асырған жоғары технологиялық фирмаларды білеміз. Алматы қаласы ІІД өкілдерімен өтіп жатқан бүгінгі кездесу құқық қорғау органдары мен жергілікті іскерлік қоғамдастық арасындағы серіктестікті дамытуға негіз болуы тиіс. Сіздерді ашық диалог құруға шақырамыз», – деді ӨКП Аппарат жетекшісі, ІТ-кеңесінің төрағасы Нұрлан Қабіштаев.

Қазіргі таңда Алматы ІІД цифрландыру бойынша – «Қауіпсіз қала», «Қауіпсіз көшелер», «Қауіпсіз аула» атты үш мемлекеттік бағдарламаны іске асырып отыр.

 «Алматы қаласы әкімдігі «Көпшілік жиналатын орындарда жағдайға бейне мониторинг жүргізу жүйесі» атты жобаға қаражат бөлді. Бұл жаңғырту бойынша ірі жоба, енді кәдімгі бейне бақылаудан цифрлық форматқа көшу үдерісі жүруде. Бұл Жедел басқару орталығын жаңғырту, бұл Ауқымды мониторинг орталығын құру, бұл барлық қоғамдық жерлерде аналитикасы бар мыңдаған бейнекамера орнату. «Қауіпсіз аула» пилоттық жобасы Алмалы ауданында сыннан өтті. Пилоттық жоба ретінде жергілікті ІІД мониторларына, оның ішінде бұрын орнатылған 1,5 мың камера іске қосылды. Осы камералар арқылы құқық бұзушылықтар анықталып, тіркеле бастады. Осы уақыт аралығында бізге 681 сигнал түсті: оның ішінде 89-ы аулаларды аббаттандыруға қатысты, 52-сі – алкогольді сусындарды ішу, 20-сы – қоғамдық жерде шылым шегу, 437-сі – көлік тұрағы тәртібін бұзуға қатысты.  Бізде жаңа технологияларды пайдалану негізінде әлі шешілмеген мәселе көп, сондықтан компаниялармен тікелей байланыс орнату тиімді болар еді», – деді Алматы қаласы ІІД Техникалық қызмет басқармасының бастығы  Ольга Агафонова.

        Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша Алматыда көше бақылауына 118 мың камера орнатылды. 2018 жылдың бірінші жартысында ақылды технологиялар 757 қылмысты анықтауға көмектесті.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер