«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайлық шұжық «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысады

2018 жылғы 05 Қыркүйек
- Қостанай облысы
6177 просмотров

Шұжық неден басталады? Малды қоректендіруге қажет жемді өсіретін жерден басталады. Меңдіқара ауданындағы «Фирма «ПИК» ЖШС фирмасы өндірістің толық тізбегін ұйымдастырып отыр. Кәсіпорын өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімін өңдеумен айланысып, өнім өндірудің барлық кезеңін бақылауға алған.

«Фирма «ПИК» ЖШС шұжық цехы жылына 12 000 тонна өнім өндіретін шағын өндіріс. Бұл шұжық қана емес, сондай-ақ жартылай дайын өнімдер – тұшпара, вареник басқа дәмділер. Өнімге қажетті ингредиенттердің барлығы дерлік цехқа жақын жерде өсірілген. Демек, өнім жаңа алынған әрі тексерілген шикізаттан дайындалады деп сеніммен айтуға болады. Тұтынушылық емес, кәсіпкерлік тұрғыдан алғанда тағы бір артықшылық – кәсіпорын жеткізушілерге тәуелді емес. Жеткізілімді сарыла күтіп ет сапасына алаңдаудың еш қажет жоқ.

«Өзіміз егін мен жем-шөпті егіп, өсіреміз. Барлығы табиғи, үйдігі деп айтса болады. Сондықтан біздің сауда маркамыз «Крестянкий двор» дене атаумен белгілі. Әзірге өнім Меңдіқара мен Ұзынкөл аудандарына ғана өткізіледі. Өнімді басқа аудан тұрғындары келіп сатып алып жатыр», – деді «Фирма «ПИК» ЖШС қызметкері Наталья Попова.

 Кәсіпорын қарқынды даму үстінде – жабдық үнемі жаңартылып, жаңа рецептілер қолданылады, жаңа өнімдер шығып жатыр... «Фирма «ПИК» ЖШС кеңейіп, жаңа нарықтарға шығуға дайын. Сондықтан басшылық былтыр «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысуды көздеген болатын.

 Бірінші қатысу сынамалы болды. Биыл кәсіпорын қызметкерлері байқауға тиянақты дайындалған. Ең үздік өнімдер – қақталған, жартылай қақталған, піскен шұжықтар, вакуумды қаптамадағы еттен жасалған жартылай дайын өнімдер, сарделькалар...

Наталья Попованың айтуынша шұжықтар арасында «Красковская» сұрыбына айырықша назар аударылған, өйткені бұл шұжық түрі кәсіпорынның мақтанышы. Таңдау дұрыс жасалған, «Фирма «ПИК» ЖШС «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында «Үздік азық-түлік тауары» аталымында үздік үштікке ілінді.

 Енді қостанайлық шұжық 12-13 қазанда Астанада өтетін республикалық байқауға қатысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер