«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Үй өзі ақша табады – «Бастау» түлегі тұрғын үй-коммуналдық қызмет жүйесін өзгертпек

2018 жылғы 07 Қыркүйек
- Қостанай облысы
6333 просмотров

Қостанайлық Сайлау Асылбаев 10 жыл қатарынан үй қараушысы қызметін атқарып келген. Осы 10 жыл ішінде ол Пәтер иелерінің тұтынушылық кооперативі жұмысына қанағаттанбады. Кеңес одағы кезеңінен қалыптасып қалған жүйені бұзу оңай емес екенін түсінген Сайлау Асылбаев Фердинанд Поршенің – «жақсы бірдене жасағын келсе, өзің істе» деген принципін назарға алды. Осылай «Жилсервис Қостанай» ЖШС пайда болды.

 Еуропалық үлгі бойынша қызмет көрсету ұйымын ашпай тұрып Сайлау Асылбаев басқа мемлекеттердің тәжірибесін тиянақты зерттеп, «Бастау» жобасына қатысты. Өйткені, кәсіпкердің пікірінше, тәртіп подьездер ішінде ғана емес бухгалтерия мен құжаттамада да болуы шарт.

«Кеңес одағы тараған соң нарық экономикасына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтан басқа барлық салалар бейімделіп, өтті. Біріншіден, оған менталитет кінәлі. Адамдар әлі күнге дейін пәтер – жеке иелігім, ал одан тысқары жер менің шаруам емес деп санайды. Екіншіден, шенеуніктердің әлсіз жұмысы. Батыстан үлгі алған  жақсы реформалар бар, бірақ оларды жақсы орындау жоқ. Үйлерге қызмет көрсетуді бәсекелік ортаға беру туралы бастама көтерілгені құптарлық жайт. Өйткені, Пәтер иелерінің тұтынушылық кооперативі сынды қоғамдық ұйымы коммерциялық қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Менің ойымша, бәсеке бұл саланы ретке келтіреді», – деді Сайлау Асылбаев.

 Спикер айтып тұрғанын жақсы біледі. Ол ұзақ жылдар бойы тұрғындардың шығындарын және кірістерін егжей-тегжейлі есептеуге қол жеткізу үшін Пәтер иелерінің тұтынушылық кооперативімен күресіп келеді. Пәтердің иесі ретінде ол не үшін ақша төлеп жатқанын білгісі келді алайда нәтиже шықпады. Сотқа жүгінуге тура келді. Ақыры табандылығы арқылы қажетті сандарға қол жеткізіп, дебет пен кредитті сәйкестендіріп, кооперативтер тарапынан қыруар қаражат кетіп жатқанын анықтайды.

 «Бұл қаражат үйді және өзіне тиесілі территорияны ретке ұстап тұруға сонымен қатар шотқа жинап отыруға жетеді. Біздің кооперативте үлкен штат. Менің санағым бойынша 68 үйден құралатын кооператив жылына 100 млн теңге қаражат жинайды. Бұл соманың 70%-ы жалақы төлеуге жұмсалады! Менеджмент жоқ, қаражатты үнемдеп қолдану жоқ, ашықтық та жоқ», – деді қызмет көрсету ұйымының құрылтайшысы.

 Сайлау Асылбаевтың айтуынша, үй өзі ақша таба алады. Сенбейсіздер ме? Онда мысал келтірейік. Айталық, үйңіздің қабырғасында жарнама үлулі тұр. Жарнама компаниясы қабірғаға ілінген ақапарат үшін  кімге төлеу керек? Әдетте бұл мәселеге ешкім бас қатырмайды, ал осындай қабырғалар – жалпы үйдің мүлігі, демек одан түсетін қаражат та тұрғындар игілігіне жұмсалуы тиіс. Бұл ақша ай сайын қызмет көрсету ұйымының шотына түсіп тұрады да уақыт өте келе жиналған қаражатқа шатыр жауып, құбыр ауыстыруға болады екен.

 Ал ашықтыққа келетін болсақ, бүгінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында ол мүшкіл жағдайда. Тұрғындардың қаражаты қайда кетіп жатқаны белгісіз. Бұл мәселені шешуде Сайлау Асылбаев қарапайым тәсіл ұсынуда:

«Қазір үйлердің өз жеке QR-коды жасалуда, осы кодтарға барлық ақпаратты енгізіп отыру керек – онда тұрғындар санынан бастап, қызмет көрсететін компания сайтынан дейін мәлімет салынуы тиіс. Сайтта нақты ақпарат: компания шотында осынша қаражат, оның мына бөлігі мынаған жұмсалады деп нақты жазылуы тиіс. Осы ретте тұрғындар қызмет көрсетілгеннен кейін төлем жасауы тиіс. Неге мен мұны айтып отырмын? Біз кооперативтен көп уақыт бойы қоршауды талап еттік, нәтижесінде бізге қыруар қаражатқа адам шошитын сапада қоршау жасалды. Қазіргі таңда сайтымызда қызметіміз туралы ақпарат, сонымен қатар тұрғындар мәселе талқылай алатын форум да бар», – деді Асылбаев.

 Келешекте кәсіпкер тұрғындармен WhatsApp хабарласуды көздеп отыр. Демек, сантехникті хабарлама жазып шақыртуға болады. Ал технологияларды білмейтін әжелер қайтпек?

 «Менің егде тартқан көршім апа смартфонның жілігін шағып отыр. Әрине бес саусақ бірдей емес. Алайда кәдімгі қалалық телефондар да жұмыс істейді емес пе? Әр уақытта шығатын жол бар», – деді кәсіпкер.

 Қазір кәсіпкер клиенттерді тарту бойынша белсенді жұмыс атқаруда. Оған әкімдік берген мәлімет бойынша, Қостанайда жағдайы мүшкіл 217 үй бар. Бұл коопертивтен кеткен тұрғындар немесе кооперативтері құлдыраған үйлер болу керек.

  Қызмет көрсету ауқымы кең, бәсекелестер аз. Осындай жайт кәсіпкерді қуантып отыру керек еді, алайда Сайлау Асылбаевтың ойы басқа:

 «Бастау» курсында мен өзге адамдарды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жүргізуге үндедім, жолдарын айтуға шаршамадым. Мен қолға алған тұрғын үйдің алдыңғы коопертиві тез арада әрекет ете бастады. Бұл таза бәсекелестік. Адамдарда таңдау болуы шарт, өйткені бәсеке бәрін ретке келтіреді. Бұл жайт жүйені түбегейлі өзгертеді!», – деді кәсіпкер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер