«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Германия тәжірибесі кәсіпте пайдалы

2018 жылғы 10 Қыркүйек
- Қостанай облысы
6150 просмотров

Егер бизнесіңіз кеңейіп, қала шеңберінен «өсіп» кетсе, «Іскер байланыс» жобасына қатысыңыз

Биыл осындай шешімді 6 қостанайлық кәсіпкер қабылдады. Олардың барлығы жаңа байланыс орнатып, шетелдік серіктес табу мақсатында шетелден тегін тағылымнамадан өтуге мүмкіндігі бар. Бұл жоба «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.

 «Жоба екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең сала бойынша оқыту, екінші кезең – іскерлік байланысты орнату үшін шетелден тағылымнамадан өтуді көздейді. Қостанай облысында мұндай мүмкіндікті 4 адам қолданды», – деді ӨКП Қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің бастығы Роберт Юсупов.  

 Мәселен, Алексей Колосков барлық мүмкіндіктерді пайдалануға үйренген. Соңғы жыл ішінде ол «Бастау», Бизнес-Кеңесші», «Іскерлік байланыс» жобаларына қатысқан.

 «Мен Ішкі істер қызметінің зейнеткерімін. Зейнетке 2017 жылдың желтоқсанында шықтым. Үйде отырмай отбасы бизнесіне атсалысуды шештім. Бұрын кәсіппен айналысып көрмегем, сондықтан мемлекет қаржыландырып отырған түрлі курстарға қатыса бастадым. Мен оқуды жақсы көремін. «Іскер байланыс» жобасы, мәселен, бізге пайдалы болды. Өйткені, компаниямыз жүк тасымалымен айналысады, біз шетелге шығуды жоспарлап отырмыз. Осы ретте көздеген бағытымыз – Германия еді, сондықтан осы елде болатын тағылымнама сәтті сәйкестік», – деді кәсіпкер.

  Айта кетелік, «Іскерлік байланыс» жобасына қатысу үшін кәсіпорын шағын немесе орта бизнес субъектісі мәртебесіне ие болуы керек. Ал қатысушы қызметі кәсіпорын бастығы орынбасараынан төмен болмағаны немесе орта буын жетекшісі болуы абзал.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер