«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайлық кәсіпкерлерге электронды сауданың артықшылықтары айтылды

2018 жылғы 03 Қазан
- Қостанай облысы
5843 просмотров

Интернет-шопинг енді сатып алушыларға ғана емес, сатушыларға да ыңғайлы болды. Биылдан бастап Қазақстандағы электронды саудаға табыс салығы салынбайды. Бұл және басқа да жаңашылдықтар туралы қостанайлық кәсіпкерлер мен бухгалетрлерге Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасында өткен семинарда айтылды.

«Электронды саудамен айналысамын деген салық төлеуші 3 шартты орындауға міндетті: тауар үшін төлем қолма-қол ақшасыз жүргізілуі керек, келісім-шарт онлайн режимде жасалуы шарт. Сонымен қатар кәсіпкерде тауар жеткізілім қызметі болуы керек немесе жеткізілім жасайтын тұлғамен келісім болуы шарт. Сондай-ақ, электронды коммерция кірістері жылдық жиынтық табыстың кем дегенде 90%-ын құрауы керек», – деді Қостанай облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Райхан Иралимова.

Осы талаптардың барлығын ұстанған кәсіпкерге корпоративті табыс салығын  100%-ға азайту қарастырған.

Бұған қоса  салық төлеушілерге онлай-режимде  деректерді сақтайтын кассалық аппараттарды қолдану міндетті қызмет түрлері тізіміне енгізілген өзгерістер жайында ақпарат беріллді. 1 қазаннан бастап бұл тізім 10-нан 27-ге көбейтілді. Енді бақылау-кассалық аппараттар автокөлік, қосалқы заттар, текстиль, киім-кешек, зергерлік бұйымдар сатушыларына міндетті.

 Райхан Иралимованың айтуынша, биыл салық салу саласындағы бұзушылықтар үшін айыппұл көлемі азайтылған. Мәселен, копроративті салықтың нақты сомасын  жоғарылату үшін айыппұл мөлшері нақты салығының асып кеткен сомасынан 40% -дан 20% -ға дейін төмендеді.

 «Бұл мәселені өзім қадағаладым, айыппұлдық санкциялар үлкен болды. Есептен қателескен кәсіпорындар болды, осы олқылық үшін олар 20 млн теңгеге дейін төлеуге мәжбүр болған. Қазір айыппұлдар екі есе азайтылып отыр», – МКД бас маманы.

Сондай-ақ, жөнелтпе құжаттарды көрсету немесе уақтылы емес көрсету, мұнай өнімдері, темекі өнімдері туралы декларациялар үшін айыппұлдар айтарлықтай төмендеген.   Енді осындай бұзушылықтар үшін шағын бизнес кәсіпорындары  45 АЕК орнына 10 АЕК, орта кәсіпкерлікке 70 АЕК емес, 20 АЕК, ірі бизнес  – 100 АЕК орнына 30 АЕК төлейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер