«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Рудныйда кәсіпкер думпкарлар өндірісін жандандырды

2018 жылғы 18 Қазан
- Қостанай облысы
7107 просмотров

Рудный қаласында 90-жылдары думпкарлар шығаратын. Думпкар дегеніміз – вагонның ең күрделі түрі – жүк түсіргіш механизмі бар вагон. Алайда кәсіпорын 300 шақты вагон шығарып, жабылып қалды. Бүгінде Рудный қаласының кәсіпкері Евгениі Лежнев Қазақстанда баламасы жоқ бірегей өндірісті жандандырмақ ойы болды.

Евгений Лежнев – Рудныйда танымал тұлға. Негізгі мамандығы – инженер-металлург, қазіргі таңда бизнесмен жергілік Кәсіпкерлер қауымдастықтың жетекшісі. Былтыр оған сол бұрынғы кәсіпорында жұмыс істеген қызметкерлер кәсіпорынды жандандыру бойынша ұсыныс жасаған. Кәсіпорын 20 жыл бұрын жабылған, онда жұмыс істеген мамандардың көбі 70-тен асқан азаматтар.

 Евгений Лежнев  бұл идеяны жақсы деп ұйығарып,  «Вагон салу зауыты» ЖШС негізін қалады.

 «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев тау-кен қазу өнеркәсібін ынтыландыру, өндірісті орнықтыру қажеттігін айтты, осы бағытты дамытуға шақырды. Оның үстіне Қазақстанда басқа ешкі думпкарларды шығарып жатқан жоқ. Алғашқы тапсырысты біз ERG компаниясынан алдық», – деді кәсіпкер.

 Евгений Лежнев және компаниясының қызметкерлері үшін  бұл тапсырыстан да жоғары ұсыныс. Бұл олардың қызметі сұранысқа ие, және бұрын болған кәсіп түрі жаңғырғанының белгісі, сенім.

 Әзірге ЖШС думпкарларға арналған бөлшектерді әзірлеуде, бірақ компания директоры осымен тоқтап қалмақ емес.

 «Бұл мәселені зерттедім – Қазақстандағы думпкарлар паркі 90 пайызға ескірген. Өзі төнкерілетін жүйесі бар вагондар Рудный, Жетіқара, Жезқазған мен Екібастұзда қолданылады. Жалпы айтқанда барлық ірі кәсіпорындарда пайдасы бар. Бізге Ресейден де тапсырыс түсіп жатыр», – деді кәсіпкер.

 Бәрінен бұрын Евгений Лежнев ұжымын мақтан тұтады. Барлық қызметкерлер өз мамандығының шебері. Көбі зейнеткер болғанымен, олардың білімі мен күш-қайраты көп, осы әлеуетті өндіріске қарай бағыттау керек.

 Директор келешекте кәсіпорын думпкармен бүкіл Қазақстанды қамти алатынына сенімді.

 Фото: http://kstnews.kz

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер